30.06.2015, 19:40 7882

"Алматы-2-Защита" пойызыныӊ жаӊа құрамы жөнелтілді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 30 маусымда "Тұлпар-Тальго" жаӊа вагондарынан құрастырылған "Алматы-2-Защита" пойызыныӊ екінші құрамы жөнелтілгендігін хабарлайды.

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ 30 маусымда "Тұлпар-Тальго" жаӊа вагондарынан құрастырылған "Алматы-2-Защита" пойызыныӊ екінші құрамы жөнелтілгендігін хабарлайды. Яғни жыл сайын жолаушылар паркініӊ жаӊартылуы арқасында бүгінгі күнге дейін 386 "Тұлпар-Тальго" вагоны сатып алынды, ал осы жылдыӊ соӊына дейін қосымша 107 вагон сатып алынбақ. Сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында тағы 603 кеӊ шанақты жаӊа вагон сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ сұранысқа байланысты "Алматы-2-Защита" пойызы күн сайын (күн ара қатынау орнына) қатынайтын болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны