10.02.2010, 15:04 3316

Алматы әкімдігі биыл мемлекеттік меншікке бес балабақшаны қайтармақшы

"Біз түрлі құрылымдарға таратылып берілген балабақшаларды қайтаратын боламыз", - деді Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, "заңнамаға сәйкес олар ақшаға қайтарылады". Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда осыдан 20 жыл бұрын жұмыс істеген 369 балабақшадан 164 балабақша қалған.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі биыл мемлекеттік меншікке бес балабақшаны қайтармақшы. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жиыны барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз түрлі құрылымдарға таратылып берілген балабақшаларды қайтаратын боламыз", - деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, "заңнамаға сәйкес олар ақшаға қайтарылады". "Бұл біздің дуалдарды алып, оларда түрлі гүлзарлар жасағанымыз секілді оңай болса басқаша болар еді. Бірақ соған қарамастан, биыл біз осындай бес балабақшаны қайтармақ ниеттеміз", - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда осыдан 20 жыл бұрын жұмыс істеген 369 балабақшадан 164 балабақша қалған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны