31.03.2016, 13:48 7205

Алматы әкімдігі "Шымбұлаққа" жолаушы тасымалдаудыӊ балама тәсілін ұсынды

Икімдіктегілердіӊ айтуынша, қазір "Shuttle bus" арнайы қызметін енгізу көзделіп отыр. Бұл көліктер жолаушыларды "Шымбұлақ" пен "Медеуге" жеке-жеке таситын болады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі "Шымбұлаққа" адамдарды жеткізудіӊ оӊтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы бүгін қала әкімініӊ қатысуымен болған көшпелі жиында белгілі болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Икімдіктегілердіӊ айтуынша, қазір "Shuttle bus" арнайы қызметін енгізу көзделіп отыр. Бұл көліктер жолаушыларды "Шымбұлақ" пен "Медеуге" жеке-жеке таситын болады.

Бір бағыттағы жол жүру құны 500 теӊгеден аспайды.

Сондай-ақ, таксопарк басшылығымен де такси құнын 2 есе түсіру жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қазір таксимен жету құны 1100 теӊге болып отыр.

Аспалы арқан жолымен демалыс күндері оқушылар мен зейнеткерлерге, 6 жасқа дейінгі балаларға жеӊілдік берілетін болды.

Көшпелі жиын барысында белгілі болғандай, көлікпен кіруге тыйым салынғалы бері Шымбұлаққа келушілердіӊ саны күрт артқан.

"Сараптамаға сүйенсек, бүгінде күніне мұнда 10 мыӊ адам келеді. Бұрын келушілер саны 2 мыӊнан аспайтын. Мейрамханалардыӊ табатын күндізгі табысы 30%-ға артты", - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, қала басшысы экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын экологиялық кеӊес құруды ұсынды. Оған қала тұрғындарын қабылдау көзделген.

Айта кету керек, 2016 жылдыӊ ақпанынан бастап "Медеу" мұз айдынынан "Шымбұлаққа" барар жолда жол-патрульді комиссияныӊ мобильді посты құрылды. Тыйым салынған аймаққа тек арнайы коммуналдық қызметтіӊ көліктері ғана ене алады.

Келушілер "Шымбұлаққа" жаяу немесе аспалы арқан жолымен, болмаса таксимен ғана қатынап жүрген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны