05.01.2016, 17:27 4238

Алматы әкімдігі тікұшағын сатуға шығарды

Аукционға голландиялық әдіс бойынша МИ-32С тікұшағы сатылымға қойылды. Ол зауыттан 2002 жылы шығарылған.

Алматы. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ әкімдігі 2002 жылы шығарылған МИ-32С тікұшағын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала әкімініӊ сайтында хабарланғанындай, Алматы қаласыныӊ қаржы Басқармасы, Алматыныӊ коммуналдық меншігіне қарасты жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізіп жатыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аукционға голландиялық әдіс бойынша МИ-32С тікұшағы сатылымға қойылды. Ол зауыттан 2002 жылы шығарылған.

Топтаманыӊ бастапқы бағасы 139,5 млн. теӊге, ал еӊ төменгі бағасы 4,2 млн. теӊге.

Сауданыӊ басталғаны туралы 2015 жылдыӊ 31-ші желтоқсанында жарияланды. Бірақ ол өткізілген жоқ, себебі нысандарды сату бойынша аукциондық залда бір ғана қатысушы тіркелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны