14.02.2018, 13:06 5656

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарыныӊ болмайтыны айтылды

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов мегаполистіӊ тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарыныӊ болуы мүмкін деген сөздіӊ жалған екенін айтты

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов мегаполистіӊ тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарыныӊ болуы мүмкін деген сөздіӊ жалған екенін айтты.

"Алматы қаласы әкімдігінде бұл туралы шешім қаралған жоқ, сондықтан тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарыныӊ бомайтынын барша жауапкершілікпен айтамын. Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін біз абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, яғни тұрғындардыӊ жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін", - деді М.Исахов.

Ол шлагбаум қойылған кезде арнайы көліктер- өрт сөндіруші, жедел жәрдем техникалары аулаға еш кедергісіз кіре алатынын жария етті. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы биылғы жылдыӊ екінші тоқсанында жаӊа ереже жасау жоспарланғанын хабардар етті.

Айта кетерлігі, қалада соӊғы екі жыл ішінде 700 -ден астам, яғни әрбір бесінші алматылық аула жөнделді. 2018 жылы тағы да 500 аула жаӊарып, балалар және спорт алаӊдары пайда болып, тренажерлер ойын кешендері жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны