23.01.2017, 21:16 4834

Алматы әкімі 2017 жылғы Универсиаданыӊ еріктілерімен кездесті

Алматыда Универсиада 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында спорттыӊ 12 түрі бойынша өтіп, 86 медальдар топтамасы додаға түседі.

Алматы. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - 20 қаӊтарда Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ еріктілерімен кездесті,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Студенттік ойындар кезінде үш мыӊ жас Атлеттер ауылында, спорт нысандарында, түрлі функционалды учаскелерде орналастыру, аккредитациялау, көлік, логистика және басқа да қызмет түрлерін атқаруға көмектеседі.

Еріктілермен жұмыс істеу жөніндегі департамент басшысы Абылай Қондыбаев өзініӊ сөзінде жастарды іріктеу кезінде 15 мыӊнан астам өтініш түскенін, олардыӊ ішінен Алматыныӊ 15 жоғары оқу орындарынан 2800 еріктініӊ таӊдалғандығын, еліміздіӊ өзге өӊірлерінен 100 жастыӊ, жақын және алыс шетелден 100 еркітініӊ қабылданғанын айтты.Ресейдіӊ, АҚШ-тыӊ, Германияныӊ, Польшаныӊ, Корея мен Қытайдыӊ, Ұлыбританияныӊ және басқа да елдердіӊ еріктілері үлкен қызығушылық білдірген. Еріктілерді іріктеу барысында ірі спорттық шаралар өткізуде ерікті ретінде мол тәжірибе жинақтаған әрі ағылшын мен өзге тілдерді еркін меӊгерген жастарға басымдылық берілді.

Универсиада барысында еріктілер 32 функционалды бағыт бойынша жұмыс істейді. Арнайы топ қонақтарды күтіп алады, оларды Атлеттер ауылына орналастырады, қаланы аралатады, сонымен қатар төрешілер мен техникалық қызметкерлер үшін арнайы аумақтар дайындайды. Еркітілердіӊ барлығы өзініӊ жұмыс бағыттарына қатысты коммуникацияны дамыту, тіл үйренуді жақсарту сияқты арнайы тренингтерден өтті.

Алматыда Универсиада 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында спорттыӊ 12 түрі бойынша өтіп, 86 медальдар топтамасы додаға түседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны