22.06.2012, 17:24 3484

Алматы әкімі 23 үздік түлектерге гранттар табыс етті

Алматыда жақында мектеп бітірушілердің дәстүрлі "Жас түлек" фестивалі болып өтті.Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, оларға "Алтын белгі" медальдары мен аттестаттарды тапсырды.

Жоғары оқу орындарында оқу үшін Алматы қаласы әкімінің грантын қала мектептерінің 23 үздік түлегі алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматыда жақында мектеп бітірушілердің дәстүрлі "Жас түлек" фестивалі болып өтті.Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, оларға "Алтын белгі" медальдары мен аттестаттарды тапсырды.

Ахметжан Есімов Алматының еліміздің қаржы, білім мен ғылым, мәдениет пен спорт, туристік орталығы мен республикалық бюджеттің ең ірі доноры болып табылатындығын атап өтті.

"Өздеріңнің сүйікті қалаларың Алматыны көздің қарашығындай қорғайтындарыңа сенімдімін. Қалада алған білімдеріңді қалай жұмсаудың толық мүмкіндіктері бар. Сендердің күштерің мен білімдеріңнің арқасында ару қаламыз одан әрі көріктене түседі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев айтып өткендей, "еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда".Алматылық мектеп түлектері еліміздің, қаламыздың намысын қолдан бермей, алматылық туды биік ұстайтындықтарына сенімдіміз", - деді мектеп түлектері алдында сөйлеген сөзінде Ахметжан Есімов.

Ол әр мектепттің ұстаздарына да шәкірттерінің терең білімдері үшін алғысын білдірді, Алматы қаласы 2012 жылдың ҰБТ-дің қорытындысы бойынша бірінші орын алды. 7 жыл қатарынан қала республикалық олипиадаларда 1 орынды, республкалық ғылыми олипиадаларда 10 жыл қатарынан 1 орынды иеленіп келеді.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов жоғары оқу орындарында одан әрі білім алу үшін Алматы қаласының 23 түлегіне грант белгілеп, оларды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Алматы мектептерін 7899 оқушы бітірді, олардың 136-ы алған білімдерін дәлелдеді Сөйтіп, "Алтын белгіні" иеленді, 61 оқушы ерекше белгідегі аттестатты алды. 2012 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша №90 лицейдің түлектері жоғары баллға жетті, 3 түлек 124 балл жинады, алматылық Кирилл Ким 125 балл жинады.

Мереке күні қала мектебінің түлектері Тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қойды. Аталған шараға үздік мектеп бітірушілер, ұстаздар, білім жүйесінің қызметкерлері, республикалық, халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары, "Үркер" белгісінің иегерлері қатысты.

"Жас түлек" фестивалінде түлектерді Ұлыбританиядан келген қонақ Рон Девис, өзбекстандық Карина, қырғызстандық "Нон стоп" тобы және Халықаралық "Х-фактор" байқауының 2011, 2012 жылдарғы жеңімпаздары Дария Габдулл мен Андрей Тихонов және қазақстандық эстрада жұлдыздары құттықтады. Мереке соңы от шашуға ұласты. Бұдан соң түлектер өз мектептеріне барып, таң атқанша мектеп бітіру кешінде сауық құрды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны