19.01.2015, 15:40 4144

Алматы әкімі №2 автопаркті лицензиясынан айыруды тапсырды

Жол апаты Бостандық ауданында "Қазақфильм" шағын ауданында орын алған болатын. №32 бағыттағы автобус жолында тұрған 8 автокөлік пен қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 көлікті сүріп кеткен болатын. Салдарынан 1 жаяу жүргінші, автобус жүргізушісі мен 7 жолаушы жапа шекті. Қалалық ІІД аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ахметжан Есімов №2 автопаркке қатысты қатаӊ жаза қолдануды тапсырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін өткен аппарат жиыны барысында Ахметжан Есімов профильді құрылым басшыларына "Қазақфильм" шағын ауданында болған жол-көлік оқиғасыныӊ жай-жапсарын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қала басшысына құзырлы органдар баяндағандай, апат №2 автопаркке тиесілі көліктіӊ техникалық ақауыныӊ салдарынан орын алған.

Бұл нұсқа нақтыланған жағдайда қала басшысы автопарктен аталған бағытты тартып алып, қатаӊ жаза қолдануға, тіпті лицензиясынан айыруға тапсырма берді.

Сондай-ақ, әкім қалалық Денсаулық сақтау басқармасына апаттан жапа шеккен азаматтардыӊ денсаулығын қатаӊ бақылауға алуды бұйырды.

Жол апаты Бостандық ауданында "Қазақфильм" шағын ауданында орын алған болатын. №31 бағыттағы автобус жолында тұрған 8 автокөлік пен қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 көлікті сүріп кеткен болатын. Салдарынан 1 жаяу жүргінші, автобус жүргізушісі мен 7 жолаушы жапа шекті. Қалалық ІІД аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады.

Автобус жүргізушісініӊ айтуынша, дәл сол уақытта көліктіӊ тежегіші істен шыққан көрінеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны