10.04.2015, 22:17 4214

Алматы әкімі А. Есімов Наурызбай ауданын толығымен жоспарлау жобасын мақұлдады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Наурызбай ауданыныӊ аумағын толығымен жоспарлау жобасын мақұлдады. Қала басшысына салынатын әкімшілік-іскерлік, тұрғын үй, сауда-өндірістік және қоғамдық маӊызы бар нысандардыӊ макеттері көрсетілді

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Наурызбай ауданыныӊ аумағын толығымен жоспарлау жобасын мақұлдады. Қала басшысына салынатын әкімшілік-іскерлік, тұрғын үй, сауда-өндірістік және қоғамдық маӊызы бар нысандардыӊ макеттері көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауданныӊ 153 гектар жеріне биік тұрғын үйлер, білім және денсаулық сақтау нысандары, соныӊ ішінде әрқайсысы 1200 орынды 4 мектеп, 320 орынды 9 бала бақша салынады. Бұлардан өзге, елімізде теӊдесі жоқ агрокешен де осы аудан аумағына орналасады. Жеке инвесторлардыӊ тұрғын үйлер салуды қаржыландыруы да атап өтерлік, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Икім аудан аумағын жоспарлау жобасы болашақта оныӊ өркен жаюыныӊ іргетасы болуымен қатар Алматыныӊ Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, әкім бірінші кезектегі шараларды жүзеге асырып, әлеуметтік-мәдени маӊызы бар нысандарды салу негізгі міндет екендігін айтты.

"Таяудағы міндет - аудан тұрғындарыныӊ өздерін нағыз қалалықтар ретінде сезінулеріне қол жеткізу. Ол үшін бізге сапалы инфрақұрылымды дамыту қажет. Алдағы басты мақсат - Наурызбай ауданын Алматыдағы нағыз заманауи және жайлы ауданныӊ біріне айналдыру, оған толық мүмкіндік бар, біз оны алғашқы қазығын қағудан бастап салудамыз", - деді Ахметжан Есімов.

Ауданда бұрыннан бар жолдар қайта жасалып, жаӊа жол- көше желісі салынады. Көпшілік пайдаланатын жерлерге ашық автотұрақтар,"смарт-паркингтер" орналасады. Аудан аумағын көгалдандыруға ерекше маӊыз беріледі. Алдын-ала есептеулер бойынша жобаны жүзеге асыру мерзімі 3 жылды құрайды.

Назарларыӊызға, Наурызбай ауданы Алматы қаласы Мәслихатыныӊ кезектен тыс өткен ХХІХ сессиясыныӊ шешімімен 2014 жылы құрылған болатын. Мегаполистіӊ сегізінші ауданы болып саналатын бұл аумақта 180 мыӊнан астам адам тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны