07.08.2015, 18:48 3579

Алматы әкімі Ахметжан Есімов құрылыс саласыныӊ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Алматыда құрылыс саласыныӊ қызметкерлерін ұлықтады. Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала басшысы соӊғы жылдары Алматыда құрылыс қарқыныныӊ өте жоғары екендігін атап өтті

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда құрылыс саласыныӊ қызметкерлерін ұлықтады. Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала басшысы соӊғы жылдары Алматыда құрылыс қарқыныныӊ өте жоғары екендігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сіздер Алматыны дамытудағы маӊызды жобаларды жүзеге асырып келесіздер. Олар - тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік маӊызы бар нысандар, жаӊа жолдар, метрополитен желілері, өнеркәсіп орындары мен мегаполистіӊ инфрақұрылымы. Алматыдағы сәулет және тарихи ескерткіштер қайта түрленіп, қала келбеті барынша айшықтала түсуде", - деді әкім, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Мысалы, тек соӊғы 7 жыл ішінде ғана қала Құрылысы басқармасы тарапынан 430 нысан салынды, олардыӊ 117-і білім беру, 42-і денсаулық сақтау, 14-і коммуналдық жекеменшік, 12-і спорт пен мәдениет нысандары. Осы жылдар ішінде 7 миллион 606 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 1 миллион 330 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ал биылғы жылы 1 миллион 360 мыӊ тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соӊғы 7 жыл ішінде 16 көлік жүретін жол айрығы салынды. Биыл Қалқаман ықшам ауданындағы және Төле би көшесініӊ қилысы мен барлық бағыттар бойынша қозғалысты қамтамасыз ететін Шығыс айналма жолыныӊ бойындағы 2 жолайрығы құрылысыныӊ негізі жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде Алматыда 28 жолайрығы жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде 91 жер үсті және жерасты жүргінші жолдары салынды, ал биыл тағы да 11 өтпелі жолдыӊ құрылысы қолға алынбақ.

"Келтірілген әр санныӊ артында біздіӊ құрылысшыларымыздыӊ орасан еӊбегі тұр. Іске қосылған білім саласыныӊ 117 нысанын сөз етсек, бұл 18 мыӊ оқушыныӊ бүгінгі заманға сай жаӊа мектептерде білім алып жатқандығын білеміз, ал бала бақшаларда қосымша 7 мыӊ орын ашылды. Денсаулық сақтау саласыныӊ іске қосылған 42 нысаны нені білдіреді? Бұл - тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту деген сөз. Соныӊ арқасында алматылықтардыӊ өмір сүру ғұмыры 2010 жылмен салыстырғанда 4 жылға ұзарды", - деді Ахметжан Есімов.

Бүгін Алматы құрылысшылары өздерініӊ кәсіби мерекелерініӊ құрметіне Алатау ауданыныӊ Алғабас ықшам ауданында 500 адам қатынайтын жаӊа емхананы пайдалануға берді. Алматы әкімі жаӊа медициналық мекемеде болып, оныӊ жарақтандырылуымен танысты, рентгенологиялық, флюорографиялық, ультрадыбысты, эндоскопиялық кабинеттерді және диагностикалық зертхананы аралап көрді.

Емханада мүгедектер мен қозғалуы қиын жандарды жедел медициналық қызметпен қамту, олардыӊ қауіпсіздігін сақтау және тез арада ақпарат беріп, жайлы жағдай жасау толық қарастырылған.

Бұл жаӊа медициналық мекеме екі кезекпен жұмыс істейді және Ақкент, Ақбұлақ ықшам аудандарыныӊ, Алғабас, Теректі поселкелері мен қалаға қосылған саябақтар тұрғындарына медициналық сапалы қызмет көрсететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны