17.12.2017, 18:14 3778

Алматы әкімі Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек университеттіӊ технопаркі мен "жасыл технология" орталығында болып, Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты. Мұндағы жобалардыӊ басым бөлігі Астанада өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмеде алғаш рет көрсетілген болатын.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек университеттіӊ технопаркі мен "жасыл технология" орталығында болып, Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты. Мұндағы жобалардыӊ басым бөлігі Астанада өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмеде алғаш рет көрсетілген болатын.

Бүгінгі күні ұлттық университет аумағында жел, күн, геотермал, биогаз,сутегі және гидро энергияларды алу үшін экспериментальды алаӊдар жасалған. Соныӊ арқасында студенттер энергияныӊ баламалы түрін алу жолдарымен практика жүзінде танысуда.

Мегаполис басшысына "жасыл технология" орталығындағы энергия тиімділігін жүзеге асырған жылыжайда агротехниканыӊ заманауи тәсілдері арқылы жеміс-көкөністі вируссыз өсірудіӊ әдістері көрсетілді. Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-ніӊ ректоры Ғалым Мұтанов ЖОО маӊындағы кампуста экологиялық тұрақты және жайлы "жасыл кеӊістіктіӊ" пайда болғанын айтты.

"Кереӊқұлақ" өзенініӊ жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды әрі мұнда су тазартатын жүйе де бар. Өзен суы "Аквапоника" жасанды экожүйеде қолданылады. Бұл аймақ студенттер мен қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналады. Яғни, аталған аумақ студенттер үшін практикалық база болып, бағалы балықтар мен декоративті өсімдіктер өсіріледі", - деді Ғ. Мұтанов.

Алматы әкімі "ЭКСПО-2017" өткізуге ықпал еткен ғылым мен инновациялық жобаларды дамыту мен енгізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде Алматыда жас стартаперлерге және олардыӊ жобаларын коммерцияландыруға ерекше назар аударылуда.

Университетті аралап шыққан Бауыржан Байбек әкімдік тиісті басқарламарына Ил - Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі қызық жобаларды зерттеуді әрі тиімді қолдануды тапсырды. Соныӊ ішінде, жылу электрстанцияларыныӊ экологиялық- экономикалық көрсеткішін арттыратын плазмалы жылу жүйесі, ТҚҚ утилизациялау және құрылыс пен өндірісте пайдаланылатын полиэфирлі смол өндірісі жобалары тиімді екенін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны