05.06.2017, 17:07 4635

Алматы әкімі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-тіӊ жаӊа оқу орталығыныӊ жұмысымен танысты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы жылу жүйесініӊ жаӊартылған оқу орталығында болды, мұнда бір жыл ішінде жылу,энергетика кәсіпорындарыныӊ 900 қызметкері жеті сала бағыттары бойынша кәсіби білімдерін жетілдіре алады.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы жылу жүйесініӊ жаӊартылған оқу орталығында болды, мұнда бір жыл ішінде жылу,энергетика кәсіпорындарыныӊ 900 қызметкері жеті сала бағыттары бойынша кәсіби білімдерін жетілдіре алады. Орталық мегаполистіӊ Медеу ауданындағы "Алматы жылу жүйесініӊ" өндірістік базасында ашылды.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ мәліметі бойынша жылу, энергетика қызметкерлерініӊ білімін жетілдіретін жаӊа оқу орныныӊ ашылуы білікті кадрлар тапшылығын жоюдыӊ қажетті әрі заманауи қадамы болып табылады. Жаӊа орталықтыӊ базасында білікті қызметкелер құрамын 30%-ға арттыру жоспарланған. Сабақ оқылатын аудиториялардыӊ санын екі есе ұлғайту барысында жаӊа орталықта күніне 50-ден аса адам бірмезетте дәріс алады.

Болашақта жаӊа оқу орталығында ПИК қызметкерлерін қоса есептегенде ТҮКШ-тыӊ 600 маманы қайта даярланады, жеке сервистік ұйымдар өкілдері де білімдерін жетілдіре алады, оқу бітіргендерге арнайы сертификаттар табыс етіледі.

Бекітілген оқу кестесіне сай жаӊа орталықта жер асты жылу жүйелері мен жылу нүктелерін, түрлі қондырғыларды жөндейтін слесарьлар, насосты қондырғылар машинистері, жылу нүктелерініӊ операторлары, электротехникалық қызмет жұмысшылары кәсіби дайындықтан өтеді.

Жаӊа оқу орталығында білім алғандар заманауи автоматтандырылған жылу нүктелері мен жылу желілерінде жұмыс істеудіӊ түрлі әдістерін меӊгереді, гидравликалық режимде жұмыс істейтін қондырғыларды еркін меӊгеріп, насосты станцияларды басқарудыӊ ерекшеліктерімен танысады. Бұлардан өзге, оқу курсына қатысқандар жылумен қамтамасыз етудіӊ және энергияны тұтынуға сараптама жасаудыӊ экономикалық режимдегі әдістерін игереді. Орталықтағы кәсіби білімдерін толықтырушы мамандарға тәжірибелі шеберлер, оқытушылар заманауи оргтехниканы, қондырғыларды, макеттер мен зертханаларды ұтымты пайдалана отырып, сабақ береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны