17.12.2017, 19:09 4475

Алматы әкімі "Цифрлы Қазақстанныӊ" қарапайым адамдарға не беретінін айтты

Электронды үкімет порталын қолданушылардыӊ 25%-ы алматылықтар. Еліміздегі төлем карталарыныӊ 30%-ы Алматыда тіркелген, бүкіл қолма-қол ақшасыз төлемдердіӊ 54 пайызы Алматыда жүргізіледі", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысыныӊ "Цифрлы Қазақстан" құру бойынша берген тапсырмасына орай қазіргі кезде "Smart Almaty" инновациялық қаласын қалыптастыруға қатысты белсенді "Заманауи технологияларды денсаулық сақтау, білім беру, бизнес, қауіпсіздік және көлік сияқты салаларда енгізу азаматтарға еш кезексіз, ғаламтор арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді. Бұлардан өзге, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты қысқарады әрі ашық болады, сыбайлас жемқорлыққа бағытталған адами фактор жойылады", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі бүгінде жол қызметкерлері мен автокөліктердіӊ бейне тіркеу және GPS құрылғылармен қамтылғанын айтты.Егер инспекторлар белгіленген бағыттан шығатын немесе бейнетіркегішті өшіретін болса, онда олар қызметтен босатылады. Бұлардан өзге, жол полициясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электронды толтыруға көшті. Бұл осы саладағы жемқорлықтыӊ белеӊ алуына тосқауыл қойып, айыппұлды сол жерде төлеуге мүмкіндік береді. Қазірдіӊ өзінде полиция қызметкерлері 200-ден астам планшетпен қамтылған, келесі жылы олар планшетпен 100% жабдықталатын болады.

Ол қаладағы "бір терезе" қағидасымен барлық мемлекеттік қызметті көрсететін "Open Almaty" қоғамдық қабылдау орталығы туралы да айтты. Бұл орталық Оӊтүстік -Шығыс Еуропа елдерініӊ арасында халыққа қызмет көрсетудегі инновациялық жоба ретінде 2-ші орынды иеленді. Орталық азаматтар үшін сабылып қала кезбей, мемлекеттік қызметті бір жерден алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық қабылдау халыққа ыӊғайлы болу үшін қала орталығында - "Almaty Towers" ғимаратында орналасқан. Мұнда қаланыӊ барлық аудандық әкімдіктерініӊ, бес негізгі басқармалардыӊ, алты орталық мемлекеттік органныӊ, "Атамекен" ҰКП-ныӊ өкілдері мен медиаторлар жұмыс істейді. Шағымдар телефон және Интернет арқылы онлайн қабылданады. Ашылғанына небәрі 3 ай болған Орталыққа 4 мыӊға жуық өтініштер түскен.

Алматы әкімі халықаралық зерттеулер қорытындысы бойынша таяу арада әлемдік экономиканыӊ жаӊа тенденцияларға негізделетінін айтты. Дәстүрлі дүкендер қызметіне, қолма-қол ақшаға, өндірістегі қол еӊбегіне сұраныс азаяды. Барлық сауда- саттық пен қызмет көрсету электорнды түрде интернет арқылы жүзеге асады.

"Бүгінгі күні қаламызда электронды коммерция жүйесі кеӊ қолданысқа ие. Мысалы, республика бойынша "Қазпошта" арқылы шетелден келетін пошталық жөнелтілім көлемі 10 миллионнан асатын болса, оныӊ 40 пайызы Алматыға тиесілі. Жалпы, қазірдіӊ өзінде алматылықтардыӊ цифрлы технологияны қолдану деӊгейі өте жоғары. Электронды үкімет порталын қолданушылардыӊ 25%-ы алматылықтар. Еліміздегі төлем карталарыныӊ 30%-ы Алматыда тіркелген, бүкіл қолма-қол ақшасыз төлемдердіӊ 54 пайызы Алматыда жүргізіледі", - деді Бауыржан Байбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны