28.10.2018, 14:06 4491

Алматы әкімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросыныӊ директорымен кездесті

Саммит барысында Алматы әкімі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, оныӊ ішінде РФ Вологда облысыныӊ губернаторы Олег Кувшинниковпен, француздыӊ Ренн, нидерландтық Утрехт қалаларыныӊ басшыларымен жүздесті.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросыныӊ директорымен кездесті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросыныӊ директоры Жужанна Якаб мегаполисте өтіп жатқан "Салауатты қалалар" Еуропалық желісі мэрлерініӊ саммиті аясында өзара ынтымақтастықтыӊ перспективаларын талқылады.

Иӊгіме барысында Жужанна Якаб ДДҰ - ныӊ Алматымен, жалпы Қазақстанмен ынтымақтастығы деӊгейін жоғары бағалады, салауатты өмірді қалыптастыру мен денсаулық сақтау саласын модернизациялаудыӊ оӊ нәтижелерін атап өтті.

"Жайлы қала кеӊістігін арттыру, қоғамдық көлікті дамыту, велосипедшілер және спортшылар үшін қолайлы инфрақұрылымды қалыптастыру қала тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсартады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, қаланы дұрыс жоспарлау онкологиялық және жүрек- қан тамырлары аурулары салдарынан болатын өлім деӊгейін орта есеппен 25%-ға қысқартады екен. Алматыныӊ тәжірибесі тек Қазақстанға ғана емес, Еуропа өӊірініӊ бірқатар қалаларына да пайдалы", -деп атап өтті ДДҰ-ы Еуропалық бюросыныӊ директоры

Ол өзініӊ сөзінде осыдан 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясыныӊ бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде қазірдіӊ өзінде акуталды екенін әрі халықаралық деӊгейде маӊызды рөл атқаратынын айтты. ДДҰ қаламен ынтымақтастықты кеӊінен дамытуды жоспарлауда және қала тұрғындарыныӊ салауаттылығын жақсартудағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

"Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында еліміздіӊ одан әрі дамуына ықпал ететін қалаларды тұрақты өрістетуге ерекше мән берілген. Жайлы және экологиялық қала кеӊістігін,ОСЭР елдеріндегідей сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру біздіӊ басты бағыттарымыздыӊ бірі болып табылады. Осы орайда сапалы, жоғары дамыған медициналық қызмет көрсетудегі өзге қалалардыӊ озық тәжірибелері бізге өте қызық", -деп атап өтті өз кезегінде Бауыржан Байбек.

Саммит барысында Алматы әкімі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, оныӊ ішінде РФ Вологда облысыныӊ губернаторы Олег Кувшинниковпен, француздыӊ Ренн, нидерландтық Утрехт қалаларыныӊ басшыларымен жүздесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны