23.08.2012, 10:56 3355

Алматы әкімі Гөзел Манюроваға пәтер кілтін табыс етті

"Біз аталған айтулы доданы күн сайын көріп отырдық. Атап айтқанда, Алматы спортшысы Олимпиадада лайықты деңгейде өзін көрсете алғаны және жеңіске қол жеткізгені біз үшін ерекше маңызды", - деді А. Есімов.

Алматы. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Гөзел Манюровамен кездесіп, оны Лондон Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз аталған айтулы доданы күн сайын көріп отырдық. Атап айтқанда, Алматы спортшысы Олимпиадада лайықты деңгейде өзін көрсете алғаны және жеңіске қол жеткізгені біз үшін ерекше маңызды", - деді А. Есімов.

Өз кезегінде Г. Манюрова қала әкімі мен барша алматылықтар тарапынан қолдау болғанына алғысын айтты. Сонымен қатар ол жарыстарда бұдан әрі қарай да жеңістерге қол жеткізуге тырысып, спорттық наградалар жиынтығын арттыра түсетінін, ал болашақта жас спортшыларды даярлау үшін бапкерлік қызметпен айналысуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Кездесу соңында әкім Г. Манюроваға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік Гөзел Манюрова Олимпиадада 72 келіге дейінгі салмақта әйелдер күресі бойынша қола медальді еншіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны