01.05.2017, 17:54 2985

Алматы әкімі қала тұрғындарын Қазақстан халықтарыныӊ Бірлігі күнімен құттықтады

Алматыда Республика Сарайы алдындағы алаӊда Қазақстан халықтарыныӊ Бірлігі күні мерекеленуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ құттықтау сөзінде Қазақстанныӊ тәуелсіздігі жылдары қолжеткен табыстар біздіӊ халқымыздыӊ бірлігі мен келісімініӊ нәтижесі екендігін атап өтті.

Алматы. 1 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда Республика Сарайы алдындағы алаӊда Қазақстан халықтарыныӊ Бірлігі күні мерекеленуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ құттықтау сөзінде Қазақстанныӊ тәуелсіздігі жылдары қолжеткен табыстар біздіӊ халқымыздыӊ бірлігі мен келісімініӊ нәтижесі екендігін атап өтті.

Бүгін Мемлекет басшысыныӊ бастамасы бойынша жаӊару жүйесі жүзеге асуда. Яғни, экономика, саяси жүйе, бүкіл рухани дамудыӊ күретамыры болып табылатын қоғамдық сана - сезім де өзгеруде. Тұрақтылық, бірлік, келісім,міне, осы үшеуі жаӊа жаһандану барысында Қазақстанныӊ діӊгегі болып табылады. Тек бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана реформалар іске асып, қазақстандық қоғам мен мемлекетте өміршеӊ оӊ өзгерістер қалыптасады.

"Тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтық жеке тұлға ретінде біз ұлтты қалыптасырып келеміз. Қазақстан халықтары Ассамблеясыныӊ өткен сессиясында Мемлекет басшысы айтып өткендей, бірыӊғай ұлт дегеніміз - Қазақстанныӊ барлық азаматтры. Біздіӊ Конституциямыз ұлтына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға теӊ құқық береді. Азаматтық тұлғаныӊ қалыптасуында "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идея қозғаушы күш болып тпабылады. Алматы ірі мегаполис болумен қатар көпэтникалық қала болып табылады. Мұнда 100-ден астам этнос тұрады. Біз ару қаламызды сондықтан мыӊ боуялы қала деп атаймыз. Ұлтаралық келісімге, әр ұлттыӊ мәдениетін одан әрі дамытуға ерекше мән береміз.Түрлі ұлттыӊ мәдениетіне, дініне ашық қаланы ғана заманауи қала деуге болады", - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі Елбасы бастамасыныӊ меценаттық аспектілері ретінде "Туған жер" немесе "Кіші Отан" тұжырымдамаларын атап өтті.

"Алматылықтар үшін қайырымдылық жақсы дәстүрге айналды. Тек соӊғы жылдардыӊ өзінде ғана демеушілер қаржысы есебінен қалада 100-ден аса балалардыӊ спорт алаӊдары, бала бақшалар, Медеу ауданында мектеп салынды. Тағы бір мектеп пен емхана құрылысы аяқталып қалды. Алматыныӊ 1000- жылдығы аясында "1000 қайырымды іс" атты үлкен акция жүзеге асты. Ардагерлерге, мүгедектерге, жетімдерге көмек көрсетілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясыныӊ тарапынан да қайырымдылық істері кеӊ қанат жаюда. Тек өткен жылдыӊ өзінде ғана этно-мәдени бірлестіктер "Қайырымдылық көші" акциясы аясында 100 мыӊнан астам адамды қамтыған 90-на астам шаралар өткізді. Ассамблея "Қамқор", "Мектепке жол", "Қарт адам күні", "Шын жүректен" атты қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп келеді" - деді қала басшысы.

Мерекелік шара барысында қазақ эстрада жұлдыздары мен этномәдени бірлестіктер өкілдері өнер көрсетті. "Атамекен" бағдарламасында Парвиз Назаров "Жаса Казахстан!" Қайрат Нұртас "Мен, сен, бәріміз", "Сарын" тобы "Отаным меніӊ" әндерін орындады "Намсон" тобы корей биін, "Райс" шоу балеті және басқалар да өнер көрсетті. Бұлардан өзге бүгін "Турецкийдіӊ хоры" де өнерлерін ортаға салады, "Мереке әндері" ұлттық караоке сахнасында қазақ әндері айтылады.

Мереке барысында әрбір этномәденибірлестік өзініӊ ұлттық мәдениетін, дәстүрін, көрсетті, түрлі көрмелер ұйымдастырылып, шатырлар тігілді. Көрмелерге қойылған ұлттық костюмдер, қолданбалы декоративті қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар ерекше көз тартады. Көрермендер үшін шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған.

Ұлттық ас мәзірі фестивалі Қазақстан халықыныӊ ұлттық тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар фудкорт аймағы да ұйымдастырылып, мұнда мерекеге келгендер түрлі этнгостардыӊ ұлттық астарынан дәм татты.

Атап өтерлік жайт, мерекелік шаралар қаланыӊ 8 ауданында өз деӊгейінде атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны