30.05.2017, 19:05 4189

Алматы әкімі қаладағы жоғары оқу орындарыныӊ ректорларымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғары оқу орындарыныӊ ректорларымен кездесті. Жиын барысында студенттердіӊ жатақханаларда әлеуметтік - тұрмыстық жғадайларын және жастардыӊ мегаполис өміріне бейімделуін жақсарту, оқушылар арасында қылмыс жасаудыӊ алдын алу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғары оқу орындарыныӊ ректорларымен кездесті. Жиын барысында студенттердіӊ жатақханаларда әлеуметтік - тұрмыстық жғадайларын және жастардыӊ мегаполис өміріне бейімделуін жақсарту, оқушылар арасында қылмыс жасаудыӊ алдын алу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2017 жыл Алматыда "Жастар жылы" деп жарияланды. Қалада жастардыӊ үлес салмағы жыл санап артып келеді. Сондықтан оларды жұмысқа орналастыру және қажетті жағдайлар жасау біз үшін бірінші кезекті міндеттер болып табылады. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша нақтылы индикаторлары, жауапты адамдары және бөлінетін қаржысы бар "Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудыӊ Жол картасы" жасалды.Бұл жастарға теӊдессіз қолдау көрсету болып табылады, нақтылы шараларды жүзеге асыруға 7,5 млрд. теӊге бөлінді", - деді Б.Байбек.

Бүгінгі күні Алматы еліміздіӊ әр аймақтарынан келетін жастардыӊ миграциялық орталығына айналған. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталғаны, бірқатар оқу орындарында сырттан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етілмеген, бөлемелердегі тұрғындар саны өте тығыз әрі көптеген төзгізісз кемшіліктер орын алған. 38 жоғары оқу орындарыныӊ небәрі 29 жатақханасы бар. Жалпы 94 студентік жатақхана жұмыс істейді, бұлардағы тұрғындар саны мөлшерден тыс көп, ғаламтор жеткіліксіз, өрт қауіпсіздігі сақталмайды, басқа да келеӊсіздіктер жетіп артылады. Мегаполис басшысы каникул кездерінде студенттік жатақханалардағы орын алған барлық кемшіліктерді жоюды және студенттер арасында жатақханадан орын бөлуді ашық жүргізуді талап етті.

Өз кезектерінде жоғары оқу орындарыныӊ басшылары жастарға қатысты жасалған Жол картасын жүзеге асыруға жұмыла кірісетіндіктерін, өз тараптарынан жаӊа оқу жылы басталғанша барлық жатақханаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтты. Олардыӊ әрқайсысы студенттердіӊ әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында санитарлық-гигиеналық нормалардыӊ сақталуына бақылауды күшейтіп, студенттер тұратын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқу үздіктері, жетім студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар оқушылары үшін жатақханада тұрудыӊ жеӊілдетілген жүйесін жасайтындықтарын айтты..

Естеріӊізіге сала кетейік, Жастарға қолдау көрсетудіӊ Жол картасы бойынша Алматыда бес бағыт қамтылған. Яғни, білім саласында сыбайластыққа қарсы күрес бойынша жоо-ныӊ рейтінгін белгілеуді енгізу, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2,5 жыл ішінде 2500 адамды оқыту жоспарланған. ЖОО мен коллдеждерге студенттік жатақханалар салу үшін көмек көрсетіледі. Жастарға қатысты жасалған бағдарламада жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудіӊ механизмдерін жасау және қажетті қаржы бөлу де қарастырылған. Жастар практикасыныӊ квотасын және 6 мыӊнан асатын адамныӊ кәсіби біліктілігін арттыру да жоспарланған. Сырттан келген жастармен жұмыс істеу орталығы,Карьера орталығы, Жатақханалардағы кураторлық орталықтары жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны