13.06.2017, 15:11 2516

Алматы әкімі қаланыӊ жол инфрақұрылымы құрылысыныӊ барысымен танысты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті көшпелі жұмыс сапарында қаланыӊ жол инфрақұрылымын қайта құру және салу жұмыстарымен танысты.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті көшпелі жұмыс сапарында қаланыӊ жол инфрақұрылымын қайта құру және салу жұмыстарымен танысты.

Негізінен Б.Байбек Абдулин көшесі мен оған жақын орналасқан жерлерге жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі жолдыӊ шығыс жағында тротуар жоқ, қоғамдық кеӊістік қоршаумен жабылған. Мегаполис басшысы қаланыӊ құрылымдық бөлімшелеріне қоршауды алып тастауды, тротуар жасауды тапсырды.

Көшпелі жұмыс сапарына қатысқандар жолдардағы жүргіншілер қауіпсіздігін де талқылады. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов биылғы жылы Алматыда 102 өтпелі жолдардыӊ қайта жасалып,түн мезгілінде жарықпен қамтамасыз етілетінін айтты.

"Биылғы жылы бағдар шам арқылы ретке келтірілетін 10 өтпелі жолдар салынады әрі қоршалады. Қоршау конструкциясы қарастырылған, балалар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы, жүргізушілердіӊ жақсы көруі де қамтамасыз етілген, балалар жақындаған автокөлікті бірден байқайды. Бүгінгі күні мектептер маӊында осындай 62 өтпелі жолдар бар", - деді М.Исахов.

Тексеру барысында мегаполис басшысы Фурманов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейін теміржол арқылы эстакаданы қоса қиып өтіп , жолды ұзарту, жол айрықтарын және қалаға қосылған елді мекендерде жол салу стратегиялық іс- шаралар болып табылатынын атап өтті. Ол жол салуды мерзімінде әрі барынша сапалы атқару үшін бақылауды күшейту қажеттігін қадап тұрып айтты.

Қазіргі кезде қалада Хмельницкий көшесі Сүйінбай көшесінен Жас-қанат ықшам ауданына дейін үӊгіленуде, сонымен қатар Абай даӊғылынан, Иуезов көшесінен Қалқаман елді мекеніне , одан қала шекарасына дейін жол тартылады, ал Сейфуллин,Жансүгіров көшелері мен Рысқұлов даӊғылы, Емцов көшесі мен Құлжа тракті бойларында жол айрықтары салынады, BRT желісі бойынша жол- көше жүйесі қайта жасалады, Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,335 км болатын, Алатау ауданыныӊда Алғабас және Ақбұлақ елді мекендерінде ұзындығы 10,993 км болатын жолдар салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны