08.08.2017, 19:47 4558

Алматы әкімі қаланыӊ жол және коммуналды инрфақұрылымдарын қайта жасау жұмыстарыныӊ барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын, сонымен қатар қаланыӊ жол және коммуналды инфрақұрылдымдарын қайта жасаудыӊ барысын тексерді.

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын, сонымен қатар қаланыӊ жол және коммуналды инфрақұрылдымдарын қайта жасаудыӊ барысын тексерді.

Қала басшысына биылғы жылы 146 км жолдыӊ жөнделетіні, 97 мыӊ шаршы метр тротуарлардыӊ абаттандырылғаны, 14,7 км жерде құрылыстыӊ, 42,2 км болатын арықтар желісі мен 57 көшеде қайта жасау жұмыстарыныӊ жүріп жатқандығы,32 километрден астам жылу жүйесініӊ жаӊартылғаны, бұл өткен жылмен салдыстырғанда 2,7 есеге көп екендігі, ол кезде небәрі 12 км жылу желісініӊ ауыстырылғандығы айтылды. Бұған қоса, "Ийгерім", "Ұлжан 1,2", "Қарасу", "Ақбұлақ", "Дархан", "Құрылысшы", "Өжет", "Трудовик", "Шаӊырақ 1,2", "Алтын бесік", "Достық" және басқа ықшам аудандардағы 20 мыӊнан астам үйлерді қамтамасыз ететін 380 километрден астам су және кәріз құбырлары тартылуда.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала әкімініӊ орынбасары Ерлан Иукеновке Асқаров көшесі бойымен Ил-Фараби даӊғылыныӊ батысына таман ұзындығы 3,5 км болатын жердегі су құбырлары жүйесін қайта жасау жұмыстарыныӊ өте төмен қарқынмен жүріп жатқаны үшін сөгіс жариялады. Бүгінгі күні конкурста жеӊіске жеткен Петропавл қаласыныӊ "Титан Север" ЖШС небәрі 2 км жердіӊ жұмысын атқарған. Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ мәліметі бойынша қалған 1,5 км аумақтыӊ жұмысы қыркүйек айыныӊ ортасына таман аяқталады.

Бауыржан Байбек Абай даӊғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қайта жасау жұмысыныӊ барысын тексерді. Объектіде көпірдіӊ солтүстік бөлігін бұрғылау,инженерлік желілерді орнықтыру (орта қысымды газ, суқұбыры, телекоммуникациялар), көтергіштерді электрмен қамтамасыз ету, өзенніӊ негізі арнасыныӊ түбін бетондау және басқа да жұмыстар аяқталған. Жөндеу жұмыстарымен екі кезекте жүзге жуық адам айналысуда. Үстіміздегі жылдыӊ 27 тамызында солтүстік бөлік бойымен көлік жіберу жоспарланған. Бұдан соӊ құрылысшылар артынша көпірдіӊ оӊтүстік бөлігініӊ жұмыстарын қолға алып, оны 25 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Қала әкімі Шевченко көшесі бойымен Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейінгі ұзындығы 4,3 км болатын аумақты жөндеу жұмыстарын да тексерді. Бүгінгі күні Қонаев көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі, Наурызба й батыр көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жолдарға асфальт төселген, Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейінгі азғантай бөлікке жеӊіл қабатты асфальт құйылған. .Манас көшесінен .Жароков көшесіне дейін трамвай рельстері бұрғылануда.Фурманов көшесінен.аурызбай батыр көшесіне дейінгі жерде жылу желілері қайта жасалуда, мердігерлік ұйым жол жиектері мен арық арналарын ретке келтіруде.

Қала басшысына Абдуллин көшесі бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Мақатаев көшесіне дейін ұзындығы 1,090 км. болатын аумақта да жөндеу жұмыстарыныӊ жүріп жатқаны баяндалды.Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары аяқталған, тек Жібек жолы мен Мақатаев көшесі аралығында жылу желілерін қайта жасау жұмысқа сәл қолбайлау болуда. Мұндағы жөндеу жұмыстарын биылғы жылдыӊ 30 тамызында толық аяқтау жоспарланған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын қайта жаӊғырту жұмыстарын да тексерді.

Жаяу жүргіншіге басымдық беретін бұл учаскелерде кеспе тастарды, арық лотоктарын төсеу, құрғақ су бұрқақтарын жасау жұмыстары жүріп жатыр.Жооғарыда аталған көшелерде бірыӊғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардыӊ сыртқы беттерін жаӊарту жұмыстары қолға алынған. Көмескі кеӊістікті кеӊейту мақсатында биік ағаштар, қайыӊ, емен және басқалары, мыӊнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мыӊ шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады. Жұмысты биылғы жылдыӊ қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралыққа гранит төселуде, мұнда демалатын орындар, ойын және спорт алаӊдары болады. Осы айдыӊ ішінде ағаштар мен гүл композициялары отырғызылады. "Астана" алаӊында жүргінші аумағы мен құрғақ су бұрқақтар айналасы абаттандырылады.

Жібек жолы көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аумақты қайта жасау аясында Арбатты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, оныӊ бұрынғы келбеті сақталады және бірнеше жеке функционалды аймаққа бөлінеді.Орындықтар саны артады, бұрыннан бар субұрқақтар қайта жасалады, бұрынғы кеспе тастар орнына жоғары сапалы гранит төселеді. Қайта жаӊғырту барысында су бөлу жүйесініӊ тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударылады. Мысалы, Жібек жол бойындағы жауынды канализация бұрын бос тұрған болатын, өйткені ескі су құбырларыныӊ іші толып қалған екен.

Қабанбай батыр мен Гоголь көшелерініӊ бойында жүргінші және веложолдарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап өтерлік жайт, бұл учаскеде қозғалыс бөлігін шектеу қарастырылмаған, бірақ жүргінші аумағыныӊ ұзына бойына көлік қоюға тыйым салынады, автомобильді тек арнайы жабдықталған "қалташаларда" ғана қалдыруға болады.

Бұдан бұрын сарапшылар Қазақстанныӊ даму бағдарын барынша ашып айқындайтын президенттіӊ үш жолдауын атап көрсеткен болатын. Бұлар - "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты", "Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты", "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаӊару жолында" атты жолдаулары.

Президент жолдауларында Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылады және ол мемлекеттік саясаттыӊ басты мақсаты деп белгіленген. Бұнда басты рөл "халық үшін нақты нәтижеге" бағытталған жеке инвестициялар мен жобаларға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны