15.06.2018, 23:24 11363

Алматы әкімі Медицина қызметкерлері күнімен дәрігерлерді құттықтады

Дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Алматы әкімі дәрігер атану жүрек қалауы, ал медицина өнердіӊ шыӊы екенін атап өтті.

Алматы. 15 маусым. Kazakhstan Today - Медицина қызметкерлері күні қарсаӊында Алматыда қаланыӊ денсаулық сақтау саласыныӊ өкілдері марапатталды.

Республикалық конкурстыӊ қорытындысы бойынша "Үздік дәрігер" номинациясында қалалық кардиологиялық орталықтыӊ дәрігері Нұрсан Сұрашев, "Үздік медбике" номинациясында №5 қалалық клиникалық аурухана медбикесі Назира Мырзабаева, "Денсаулық сақтаудағы үздік жас зерттеуші" номинациясы бойынша А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми орталықтыӊ қызметкері Жасұлан Баймаханов жеӊіпаз атанды. Бұдан өзге, осы саланыӊ 30 қызметкері Алматы қаласы әкімініӊ Құрмет грамоталарын иеленді.

Дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Алматы әкімі дәрігер атану жүрек қалауы, ал медицина өнердіӊ шыӊы екенін атап өтті.

"Адамныӊ денсаулығы мен өмірін сақтау үшін Сіздер бауырмалдық пен мейірімділік танытып, араша болумен қатар, көптеген жайттарды бастан кешіресіздер. Сондықтан қай кезеӊде де дәрігер, емші абырой мен үлкен құрметке ие. Елбасы қазақстандықтардыӊ денсаулығын сақтау мен нығайту туралы үнемі айтып келеді, өйткені "дені сау ұлт- біздіӊ болашағымыздыӊ негізі", - деді Алматы әкімі.

Айта кетерлігі, Алматыныӊ 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасыныӊ басты қағидаларыныӊ бірі - әр адамға деген шынайы қамқорлық, мұнда қаланыӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ кешенді шаралары қарастырылған.

Мысалы, соӊғы 5 жылда қаланыӊ денсаулық сақтау саласыныӊ бюджеті 60%-ға дейін өсіп, биыл 95 млрд. теӊгені құрады, өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 76 жастан асты, жалпы өлім 14%-ға азайды, балалар өлімі 33%-ға төмендеді. Туберкулезден қайтыс болғандар саны 38%-ға, обыр дертіне шалдыққандар саны 20%-ға қысқарды.

Қалада медициналық инфрақұрылым дамуда. Тек өткен жылдыӊ өзінде ғана Алматыда 5 жаӊа медициналық объект іске қосылды: Наурызбай ауданында 2 емхана, Медеу ауданында қалалық клиникалық аурухана емханасы және құны 4,8 млрд. теӊге болатын вакциналар мен иммундыбиологиялық препараттардыӊ замануи қоймасы.

Бүгін Бостандық ауданында заманауи Орталықтандырылған зертхана ашылды, мұнда молекулярлы-генетикалық, иммуноферментті және иммуннохимиялық,паразитологиялық, микробиологиялық,серологиялық,биохимиялық, жалпыклиникалық зерттеулер жүргізіледі. Орталықтандырылған зертхана еӊ замануи қондырғылармен жабдықталған, олар микроорганизмдердіӊ биохимиялық тестілер арқылы антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.Жаӊа объектіде жыл ішінде нақтылы 500 мыӊға дейін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Бұлардан өзге, 2017 жылы жалпы құны 11,3 млрд. теӊге болатын тағы 9 объектініӊ құрылысы басталды. Олардыӊ бесеуі биыл пайдалануға беріледі. Қалада медициналық туризм жедел дамуда. Мысалы, қала клиникаларында жыл басынан бері қарай жақын және алыс шетелдіӊ 50 елініӊ 2 мыӊдай азаматы емделді. Мегаполиске АҚШ-тан Түркиядан ҚХР-нан және басқа елдерден медициналық көмек алу үшін келетіндер саны артуда.

Осы саланы цифрландыру аясында қаланыӊ барлық медициналық ұйымдары ақпаратты жүйені тиімді пайдалануда. 1 маусымнан бастап 30 форма бойынша есепті құжаттар қағазсыз жүзеге асуда. Биылғы жылдыӊ 1 қыркүйегінен электронды денсаулыққа толық көшіп, қаланыӊ барлық тұрғындары денсаулығыныӊ электронды паспорттары жасалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны