14.08.2015, 20:55 4758

Алматы әкімі Наурызбай ауданын дамыту бойынша міндеттерді айқындады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту мәселелері бойынша тиісті құрылымдар мен бөлімшелердіӊ басшыларын тыӊдады. Икім жоспарланған шығындарды аудан тұрғындарыныӊ әлеуетті проблемалары мен қалалықтардыӊ қажеттілігін өтеу тұрғысынан оӊтайландыру керектігін атап өтті

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту мәселелері бойынша тиісті құрылымдар мен бөлімшелердіӊ басшыларын тыӊдады. Икім жоспарланған шығындарды аудан тұрғындарыныӊ әлеуетті проблемалары мен қалалықтардыӊ қажеттілігін өтеу тұрғысынан оӊтайландыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы Наурызбай ауданын дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді айқындады. Олар - әлеуметтік нысандар құрылысы, жол салу, электр жарығымен, газбен, жылумен және сумен қамтамасыз ету. Еӊ алдымен, ауданға емхана қажет, мұнда жалпы білім беретін мектептер де жеткіліксіз, - деп атап өтті қала басшысы. Жаӊа жұмыс орындарын құру үшін инвесторлар тарту жұмысын бұрынғыдан да күшейтуді тапсырды. "Біздіӊ жұмысымыздыӊ тиімділік өлшемі қалалықтардыӊ қанағаттануы болмақ", - деп қорытындылады сөзін қала басшысы, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, бүгін әкім Алматыныӊ Бас жоспарымен танысып, 2017 жылы өтетін Универсиадаға дайындық барысы туралы есепті тыӊдады, деп ақпарат таратты Алматы қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны