11.05.2017, 17:45 2792

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы бала бақшаны ашу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды

Өзініӊ жұмыс сапары барысында қала әкімі Ақжар ықшам ауданындағы іске қосылмаған "Эдельвейс" бала бақшасында болды. Нысанныӊ жалпы алаӊы 1805 кв.метр, 2007 - 2017 жылдары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті бала бақшаны "Центр Вид" ЖШС сенімді басқаруға берген. Алайда, бала бақша күні бүгінге дейін бос тұрған.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өткізді, мұнда жақын арада жаӊа әкімшілік орталықтыӊ, 1200 орынды мектептіӊ, күніне 500 және 200 адам қатынайтын екі емхананыӊ құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

Наурызбай ауданыныӊ әкімі Сайран Сайфеденов биылғы жылы Қалқаман ықшам ауданында жаӊа жолдар салу жоспарланғанын, ұзындығы 17 шақырым болатын 32 көшеніӊ жаӊартылатынын, ұзындығы 26 шақырым болатын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Бұлардан өзге, Жандосов көшесі күрделі жөндеуден өтеді, Сайын көшесініӊ қиылысынан Таусамалы поселкесіне дейін жалпы ұзындығы 2,08 шақырым болатын жол салынады. Жөндеу жұмыстары барысында жолдардыӊ көлік қозғалатын бөліктері төрт жолаққа дейін кеӊейеді, Қарғалы өзенініӊ бойындағы көпір қайта жасалады, веложолдар мен тротуарлар салынады. Қала басшысына көшелерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын мерзімінен бұрын, қыркүйек айында аяқтауды жоспарланғаны айтылды.

Өзініӊ жұмыс сапары барысында қала әкімі Ақжар ықшам ауданындағы іске қосылмаған "Эдельвейс" бала бақшасында болды. Нысанныӊ жалпы алаӊы 1805 кв.метр, 2007 - 2017 жылдары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті бала бақшаны "Центр Вид" ЖШС сенімді басқаруға берген. Алайда, бала бақша күні бүгінге дейін бос тұрған. Қала басшысы бала бақшаны ашу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Атап өтерлік жайт, Наурызбай ауданында 3 жастан 6 жастағы 668 балаға мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын жетпейді, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1419 балдырған бала бақшаға зәру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны