02.04.2018, 16:38 4075

Алматы әкімі "Оӊтүстік" саябағы мен Оқушылар сарайы алдындағы скверді қайта жасау жөніндегі жобаға түзетулер енгізуді тапсырды

Қаланыӊ Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Исет Масабаев жоба бойынша жарық көздерін жаӊарту, фонтандар жасау, орындықтар мен урналар қою, бұрыннан бар арықтарды жаӊарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаӊдарын, саябақ пермиетріне орай веложолдар жасау қарастырылғанын айтты

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қайта жасауға қатысты дайындықтар жүріп жатқан "Оӊтүстік- Южный" саябағын аралап көрді. Саябақ Жароков көшесініӊ шығысы мен Ходжанов көшесініӊ солтүстігіне қарай 14,2 гектар аумақты алып жатыр.

Қаланыӊ Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Исет Масабаев жоба бойынша жарық көздерін жаӊарту, фонтандар жасау, орындықтар мен урналар қою, бұрыннан бар арықтарды жаӊарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаӊдарын, саябақ пермиетріне орай веложолдар жасау қарастырылғанын айтты.

Алайда, мегаполис әкімі заманауи тенденциялар мен тұрғындардыӊ талаптарына сай қолда бар жобаға түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті.

"Мұнда халықтыӊ барлық топтарына - сәбидіӊ арбасын сүйреген аналарға, балаларға, тыныштықты қалайтын ересек жандарға демалу жайлы болуы тиіс. Бұл көӊіл көтеретін емес, дұрыс демалатын орын, сондықтан асфальтты алаӊды қысқартып, бұрыннан бар төте және жіӊішке жолдарды қайта жасылдандырып, барынша қолайлы әрі көлеӊкелі кеӊістік жасаған жөн және үлкен сәулет пішіндегілердіӊ орнына шағын локальді жарық көздерін орнату қажет. Су ішетін фонтандар, стационарлы дәретханалар, еӊ бастысы иттерді серуендететін арнайы қоршалған алаӊ болуы міндетті", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі қайта жасаудыӊ басты қағидасы бұрыннан бар жасыл желекті сақтаумен қатар жаӊасын қалыптастыру екенін қадап тұрып айтты. Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, жобаға тиісті түзетулер енгізу тапсырылды. Жалпы, бұдан былай саябақ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Медеу ауданындағы Оқушылар сарайында да болды. Алматы әкімі бұрыннан бар жобаны оӊтайландыруды және жасыл желекке тиіспеуді тапсырды. Скверді жаӊғырту барысында суару жүйесін жаӊарту, көше жарығы бағаналарын жөндеу және басқа да шараларды жүзеге асыру міндеттелді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны