07.06.2017, 16:28 4298

Алматы әкімі Орталық стадионға жақын орналасқан аймақты дереу ретке келтіруді тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы Орталық стадионға жақын орналасқан аймақтыӊ абаттандырылуына көӊілі толмағанын білдірді.

Алматы. 7 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы Орталық стадионға жақын орналасқан аймақтыӊ абаттандырылуына көӊілі толмағанын білдірді.

Инженерлік желілерді сапасыз жүргізу салдарынан Орталық стадион алдындағы асфальт жарыла бастаған. Өз ісіне жауапсыз қараған мердігерлік ұйым енді екі-үш күн ішінде олқылықтардыӊ орнын толтыруы тиіс.

Жаяу жүргіншілердіӊ стадион аймағына өтуі ыӊғайлы болу үшін ұсқынсыз қоршаулар мен жөнсіз қойылған автокөліктер алынып тасталады, олардыӊ босаған орындарына гүл вазондары, клумбалар мен урналар және басқалары қойылады.

Алматы әкімі Орталық стадион айналасындағы күтімсіз қалған жерлердіӊ қалай берілгендігін заӊ жүзінде тексеруді (мысалы,бұрынғы "Спорт" кафесі және басқалары) тапсырды.

Орталық стадионныӊ апатты жағдайдағы манежі мен запастағы алаӊына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны