29.07.2008, 16:16 3436

Алматы әкімі "Райымбек" метро бекетінде болды

Алматы әкімі "Райымбек" метро бекетінде болды

Алматы. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі А.Есімов бүгін метроның құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында метрополитеннің "Райымбек" бекетінде болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Икім метро бекетінің эскиздерімен танысып, құрылысшылармен қаптама жұмыстарының жоспарын талқылады.

Ахметжан Есімов "Абай" бекетінің үлгіжобасын толықтыруды, сонымен қатар "Алатау" бекетінің үлгіжобасын өз атауына түс және әрлеу жағынан сәйкес болуы үшін, әрлендіру жұмыстарына өзгерістер енгізуді тапсырды. Алматы метросының қаптамасында қолданылатын бірден-бір шикізат мәрмәр болады.

Метро құрылысшыларының жоспарларымен танысқан әкім объектілерді белгіленген уақытта тапсырудың өте маңызды екенін атап өтті.

"Қолданысқа өткізуге дейін барлық жасалатын жұмыс кезеңдерінің айқын кестесін жасап, соған сәйкес жұмыс істеу керек", - деді А.Есімов.

"Райымбек" бекеті құрамына "Райымбек", "Жібек Жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Тұлпар" және "Алатау" бекеттері енетін метрополитен желісінің бірінші кезегіне жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны