26.09.2018, 15:08 5355

Алматы әкімі "Сайран" өзенініӊ айналасын абаттандыруды одан әрі жалғастыруды тапсырды

Биылғы жылы су қоймасыныӊ батыс бөлігініӊ беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаӊдары көріктендірілді.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Сайран" өзенініӊ айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Биылғы жылы су қоймасыныӊ батыс бөлігініӊ беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаӊдары көріктендірілді.

Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаӊадан 130 жарық бағаналары орнатылды,воркаут- алаӊ мен жағалау волейболыныӊ алаӊы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 км жол жасалды.

Өз кезегінде мегаполис әкімі келер жылы да өзен маӊын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, ал аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаӊдарыныӊ санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаӊарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланыӊ барлық жер асты өтпелі жолдары жаӊарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны