01.08.2018, 10:33 3898

Алматы әкімі Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматыныӊ сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды

Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматыныӊ сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды. Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтіӊ жобасы бойынша салынған.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Жұмыс сапары кезінде қаланыӊ тарихи орталығын аралаған мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматыныӊ сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды. Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтіӊ жобасы бойынша салынған. Оныӊ басты кіре берісі мен қапталдары, жақтаулары төрт жақты композициялық бағаналарға тірелген. Қапталдардыӊ аркалары, люнеттері таӊбалы белдеулермен өӊделген. Ғимарат "ұлттық стильде" салынған көнелердіӊ бірі болып табылады әрі оныӊ сәулетінде классикалық және өӊірлік синтез өзара ұштасқан, яғни Алматы магистральді құрылысыныӊ басты элементі болып табылады. Сыртқы солтүстік қабатында ішкі аула және жасыл желекке оранған кеӊістік бар.

Қазақстан Республикасыныӊ "Тарихи- мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" Заӊыныӊ негізінде объектіні тізімге енгізу оған тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін береді. Заӊға сәйкес оны пайдаланушы ескерткіштіӊ қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, ғимараттыӊ сыртқы келбетін, ішін, конструкцияларын, мақсатты пайдаланылуын, аумағын өзгертуге тыйым салынады. Жөндеуге, қайта жасауға байланысты атқарылатын шаралардыӊ барлығы өкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асады.

Еске салсақ, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек заӊдылықты ескере отырып, "Сайран" автовокзалы мен қалалық ипподромды жергілікті маӊызы бар тариxи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырған болатын. Нәтижесінде нысанды бұрынғы келбетіне келтіру жұмысы басталып, заӊсыз салынған құрылыстардыӊ барлығы алып тасталған еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны