07.05.2010, 17:56 3409

Алматы әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Алматы әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Алматы. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөзы қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тылда еңбек еткендерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. 18 алматылық осындай жоғары марапатқа ие болды. Олардың арасында "Құрмет" орденін, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарын және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алғандар да бар.

Қала әкімі соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап, оларға бейбіт аспан мен бақыт тіледі.

"Отанға деген шынайы сүйспеншілік пен жоғары патриотизмнің үлгісін көрсеткен белсенді ардагерлерге еліміздің Президенті ең жоғары марапат - мемлекеттік наградаларды беріп отыр. Осынау ерекше күні Сіздерді марапттау мен үшін үлкен құрмет",- деді Ахметжан Есімов.

Ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді және болашақ жас ұрпаққа бейбіт аспан, баянды бақыт пен гүлденіп, өсіп- өнуді тіледі.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы Республика алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтары қойылды. Аталған салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және басқалары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны