26.07.2017, 19:25 4016

Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдық беретін қала көшелерін қайта жасаудыӊ барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншіге басымдылық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊыныӊ қайта жасалуын тексерді, мердігер ұйымдардыӊ назарын жұмыстыӊ сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына аударды.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншіге басымдылық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊыныӊ қайта жасалуын тексерді, мердігер ұйымдардыӊ назарын жұмыстыӊ сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына аударды.

Қала әкіміне қазіргі кезде жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарыныӊ аяқталғаны,арық лотоктарыныӊ төселгені, кеспе тастар негізініӊ жасалғаны, көше жарығы желілерініӊ тартылғаны, құрғақ сұбұрқақтардыӊ іске қосылғаны баяндалды. Келесі аптадан бастап жоғарыда аталған көшелерде бірыӊғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардыӊ сыртқы беттерін жаӊарту жұмыстары басталады.Бұрыннан бар жасыл желектер сол бойы сақталады. Көмескі кеӊістікті кеӊейту мақсатында биік ағаштар, қайыӊ, емен және басқалары, мыӊнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мыӊ шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады.

Жібек жолы көшесін Қонаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қайта жасау барысында Арбат бұрынғы келбетін сақтайды,толық абаттандырылады және жеке функционалды аймақтарға бөлінеді. Демалыс орындары артады, бұрыннан бар фонтандар қайта жасалады, спорт және балалар алаӊдары пайда болып, кеспе тастыӊ орнына жоғары сапалы гранит төселеді.

Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралықтағы жаяу жүргінші жолына да гранит төселеді, мұнда да демалатын орындар, спорт және балалар алаӊдары, абаттандырылған веложолдар болады. Атап өтерлік жайт, жөндеу жұмыстары басталған кезде көне қаланыӊ ескі кеспе тастары табылған еді, жобаныӊ жалпы композициясында олар да пайдаға асады.

"Астана" алаӊында көлік қозғалысы жолағы қысқарады, босаған кеӊістіктерге қосымша ағаштар отырғызылады, екі құрғақ субұрқақ пайда болады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көлік легі екіге бөлінеді, автотұрақ аймағы шектеледі. Алаӊныӊ солтүстік бөлігіне экологиялық таза гранит тастар төселеді.

Қабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде қозғалыс бөлігін шектеу қарастырылмаған, бірақ жаяу жүргінші жолыныӊ түгел бойына көлік қоюға тыйым салынады,автомобильді тек арнайы жабдықталған "қалталарда" ғана қалдыруға болады. Тротуарларға гранитті және бетонды плиткалар төселеді, газондарды қорғау үшін бұтақ-шіліктер отырғызылып, балалар алаӊдары және басқалары ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны