17.12.2017, 18:31 3879

Алматы әкімі жұмысшыларға "Жас қанат" ықшам ауданына дейін салынған жаӊа жол үшін алғыс айтты

Хмельницкий көшесін тесіп, үӊгілеудіӊ мәні зор, өйткені "Жас қанат" ықшам ауданында тұратын 11 мыӊға жуық адамды көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Екі көпір құрылысы аяқталды, төрт жолақты қозғалыс бөлігі пайда болды, оныӊ екі жағына арық жүйесі жасалды, жарық көздері орнатылды,тротуарлар абаттандырылды, автобус қатынасы реттелді. Келер жылы "Жас қанат" ықшам ауданыныӊ көшелері жөнделеді.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда Хмельницкий көшесін Майлин көшесінен "Жас қанат" ықшам ауданына дейін үӊгілеу аяқталды. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында жедел дамып келде жатқан елді мекенді қамтитын көлік инфрақұрылымын қарап шықты.

Алматы әкімі әлемдік күрделі экономикалық жағдайда мемлекеттіӊ инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлгенін атап өтті. Ұзындығы 1,1 шақырым болатын жаӊа жол салу 2016 жылдыӊ маусымында басталған еді. Жұмыс барысында 400-ден астам жаӊа жұмыс орны құрылды, мердігер компания қала бюджетіне 400 млн. теӊге салық төледі, ал елді мекен тұрғындары жаӊа жолға ие болды.

"Ел Президенті айтқандай, түрлі қоғамныӊ қозғаушы күші адам еӊбегі болып табылады, сондықтан "еӊбек адамы" атану үлкен құрмет. Сіздердіӊ алып қолдарыӊызбен үй салынуда, жол жасалуда, өндіріс өркендеуде. Бұл- қиындығы мен қаупі мол қиын жұмыс, бірақ киелі, өйткені осы еӊбек арқылы мемлекет дамып, өркен жаяды", - деп жұмысшыларға алғыс білдірді Бауыржан Байбек.

Жақын маӊда орналасқан мектеп оқушылары да Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаӊында жақсы сыйлық жасағандарға алғыстарын айтты.

"Бұрын біз аяғымызға резеӊке етік киіп алып батпақ пен суды кешіп өтіп, мектепке немесе емханаға бару үшін айналып жүретінбіз. Енді жүру жеӊіл әрі қолайлы, кешке қарай қорқынышты емес, жол жарықпен қамтылған", - деді балалар.

Айта кетерлігі,Хмельницкий көшесін тесіп, үӊгілеудіӊ мәні зор, өйткені "Жас қанат" ықшам ауданында тұратын 11 мыӊға жуық адамды көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Екі көпір құрылысы аяқталды, төрт жолақты қозғалыс бөлігі пайда болды, оныӊ екі жағына арық жүйесі жасалды, жарық көздері орнатылды,тротуарлар абаттандырылды, автобус қатынасы реттелді. Келер жылы "Жас қанат" ықшам ауданыныӊ көшелері жөнделеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны