02.12.2010, 14:58 3425

Алматы әкімінің орынбасары Көк базардағы тазалықтың нашарлығын адами фактрге жауып отыр

Алматы әкімінің орынбасары Көк базардағы тазалықтың нашарлығын адами фактрге жауып отыр

Алматы. 2 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қала тұрғындарының "Время" газетінде жарық көрген сауалдарына жауап бере отырып, Көк базардағы тазалықтың нашарлығын адами фактрге сүйеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көк базарда қашан тәртіп орнайды, деген сұраққа жауап берген С. Сейдуманов базардағы ахуалдың расында да сын көтермейтіндігін айтқан. "Тұрақты жүргізілетін рейдтерге қарамастан, бұл базардың маңындағы жабайы сауда тоқтамай отыр. Сіздер айтып отырған аумақтың ластығы базар аумағында ғана емес, соның маңында да орын алып отыр. Барлық проблемаларды сіз армандап отырғандай, бір сағатта шеше қою мүмкін емес. Базарды жаба алмаймыз, адами фактрлер қалайда өз дегенін істейді. Сондықтан жалғыз ғана уәде бере аламын: біз базарды жақсы жағдайда ұстауға қатысты шараларды қабылдаймыз",- деді әкімнің орынбасары.

"Бұл жағдай біздің атақты "барахолкамызға" да қатысты. Ол қала сыртына көшірілмейді, бірақ базарды Солтүстік айналма жол маңында жұмыс істейтін жабық базарларға көшіру жөнінде жоспар жасалынып та қойған. Барлық жұмыс базар иелерінің есебінен атқарылатын болады",- деді С. Сейдуманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны