03.03.2010, 15:55 3848

Алматы әкімінің орынбасары "Медеу" мұз айдынын бұзылуға жататын виллалардың қатарында атады - газет

Алматы әкімінің орынбасары "Медеу" мұз айдынын бұзылуға жататын виллалардың қатарында атады - газет

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков "Медеу" мұз айдынын табиғат қорғау аймағында салынған бұзылуға жататын жеке меншік виллалардың қатарында атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Время" газетіне сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, 2008 жылы Алматы әкімдігі Медеу мен Шымбұлақ маңындағы элиталық сарайлар салынған жерлерді шен-шекпеніне қарамастан қожайындарынан алу жөніндегі қаулыны бекітті. "Бірақ, дейтұрғанмен, бас салып бәрінен барлық жер тартып алынған жоқ - әкімдіктің қаулысына қосымшада әсем биік таудың етегіндегі фезандаларына тиісуге болмайтын "бақытты" жандардың тізімі қоса берілді", - деп жазады басылым.

Осы қаулыға қатысты түсініктеме берген В. Долженков былай деп мәлімдеді: "Айта кету керек, "Медеу" мұз айдынының өзінде кеңестік кезеңнен бері жер пайдалану туралы акт жоқ болып шықты. Бірақ оны бұзбайсың ғой...".

"Редакцияның қолына түскен тізімде елге танымал көптеген тұлғалардың аты-жөні бар", - делінген мақалада. Онда жерлерінің бір бөлігі алынған адамдардың тізімінде Лейла Храпунова, Алиджан Ибрагимов, Темірхан Досмағамбетов, Амангелді Шабдарбаев, Болат Өтемұратов, Зейнолла Кәкімжанов, Александр Клебанов секілді адамдардың аттары бар.

В. Долженковтың түсіндіруінше, " "Медеу" мемлекеттік табиғи саябағы құрылған 2001 жылдың желтоқсан айына дейін көптеген адамдарда жерге алған актілері болған және олар сол жерде тұрып жатқан".

"Осындай адамдар 2008 жылы ол жерден қуылуға тиіс емес болған. Олар тек шатқалды ластамауға, онда қоқыс тастамауға тиіс болған, өйткені олар табиғат қорғау аймағында тұрып жатыр. "Медеу" мемлекеттік табиғи саябағы құрылған кезде онда жерлері болған адамдарды жер телімдері оның шекарасына кірмеген", - деді ол.

"Ал жерге актіні мемлекеттік саябақ құрылғаннан кейін алғандардың жеке меншікке иелік ету құқығына прокуратураның қаулысымен қарсылық білдірілді. Сол себепті де осы актілердің күші жойылды деп тану жөнінде шешім қабылданды", - деді әкімнің орынбасары.

Дегенмен, Қазақстан президентінің Медеу мен Бутаковка маңындағы табиғат қорғау аймағындағы барлық құрылыс-жайларды бұзу қажеттігі жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы сұраққа жауап берген В. Долженков былай деп мәлімдеді: "Менің білуімше, толық тыйым салу туралы мәселе көтерілген жоқ. Тек қана актілері заңсыз деп танылған адамдар ендігі жерде "Медеу" саябағымен арада жер телімдерін сату құқығынсыз, 5 жылдан аспайтын мерзімге жалға алу жөнінде шарт жасасуға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны