26.05.2009, 14:26 3002

Алматы әкімінің резервтегі қорынан Алатау ауданындағы су ішінде қалған ықшамаудандарындағы төтенше жағдайды жоюға 60 млн теңге бөлінді

Алматы әкімінің резервтегі қорынан Алатау ауданындағы су ішінде қалған ықшамаудандарындағы төтенше жағдайды жоюға 60 млн теңге бөлінді

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімінің резервтегі қорынан Алатау ауданындағы су ішінде қалған ықшамаудандарындағы төтенше жағдайды жоюға 60 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда қатты нөсер салдарынан 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылдың 21 мамырында жауған қатты нөсер салдарынан Алматының Алатау ауданы "Ақбұлақ", "Дархан", "Шаңырақ-1" және "Шаңырақ-2" ықшамаудандарында жер телімдерін су алды. Нөсер суы "Шаңырақ-2" ықшамауданында көлемі 1 млн текше метр болатын көлді толтырып жіберу салдарынан бөгет бұзылған. Соның кесірінен 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны