05.05.2016, 17:17 4378

Алматы әкімініӊ жаӊа орынбасары таныстырылды

Алматы әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды. Медеу ауданыныӊ бұрынғы әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімініӊ бұрынғы орынбасары Болат Сауранбаевтыӊ орнына к

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды. Медеу ауданыныӊ бұрынғы әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімініӊ бұрынғы орынбасары Болат Сауранбаевтыӊ орнына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы Жамбыл облысында туған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еӊбек жолын "Карагандапромстрой" тресініӊ шебері, инженер-геодезист болып бастаған. Алматы теміржолы комсомолыныӊ хатшысы болған.

1990 жылы "Интернационалист" МЖК инженері, 1990-1992 жылдары "Халық қазынасы" кәсіпорны төрағасыныӊ орынбасары, "Саян" ЖШС, "Астана-Холдинг банк" АҚ, "Казахинвест" корпорациясы, "Аэлита", "Сириус" ЖШС басшылығында қызмет атқарған.

2002 жылы Манғыстау облысы әкімініӊ көмекшісі, 2004 жылы Маӊғыстау облысы әкімініӊ орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы әкімі аппаратыныӊ басшылығында қызмет еткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны