05.02.2007, 19:11 2950

Алматы әкімшілігі "Автомобилист" гараж кооперативін меншіктенуді заңды түрде рәсімдеуіне кедергі келтіруде - гараж иелері

АЛМАТЫ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы әкімшілігі "Автомобилист" гараж кооперативіне кезінде жалға алып, одан кейін сатып алған жер телімін заңды түрде рәсімдеуіне кедергі келтіруде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Автомобилист" гараж кооперативінің төрағасы Александр Журавлев хабарлады.

А. Журавлев Ил-Фараби даңғылындағы 1 га жер учаскесі коорперативке 1988 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің шешімімен бөлініп берілгендігін хабарлады. 1995 жылы "Автомобилист" гараж кооперативінің жер телімін тұрақты пайдалануын бекіту туралы қаулы шығып, жер телімін тұрақты пайдалану құқығын беретін мемлекеттік акт берілген.

2001 жылдың маусымында Алматы әкімшілігінің шешімімен коорперативке сатып алғанға дейін жалға алу құқығы берілген. Гараж кооперативінің мүшелері жалға

алу мерізімін ұзарту туралы және де осы жер телімін сатып алу туралы өтініш жолдаған. Өтініш Алматы әкімі Виктор Храпуновтан қолдау тауып, рәсімдеу үшін "Алматыжерге" жіберілген. 2005 жылдың сәуір айында "Алматыжер" қажетті құжаттарды рәсімдеп, қалалық әкімшіліктің бекітуіне жіберген.

"Бірақ, кооператив мүшелеріне тиісті құжаттарға бүгін-ертең қол қойылатындығы туралы уәде берілсе де, бұл құжаттар әкімшілікте белгісіз себептермен бөгеліп қала берді",- деді А. Журавлев.

Гараж иелері аталмыш жер телімі мен құрылысты меншіктену құқығын заңды түрде рәсімдей алмады. Кооператив төрағасының сөзіне сүйенсек, 2006 жылдың наурызында Алматы әкімшілігінің "Жер телімін "Тойота центр" жекеменшік авто орталығының құрылысын салу мақсатында мемлекеттік қажеттілікке тәркілеу туралы" қаулысы шыққан. Ал, мамыр айында қалалық әкімшіліктің "Автомобилист" кооперативінің құрамына кіретін ғимараттарды жалға алу шартымен жалпы үлеспен жер пайдалану құқығын тоқтату туралы" жаңа қаулысы шыққан.

Өткен жылдың қарашасында "Алматыжер" Алматы қаласының арнайы ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін тәркілеу туралы шағым-арыз түсірген. Сондай-ақ, "Алматыжер" өкілдері гараж иелерімен тіптен кездеспеген де",- деді А. Журавлев.

"Біз осы жағдайды премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ""Легализация" тақырыбындағы тікелей эфирінде баяндап, әкімшіліктің заңсыз қаулыларының күшін жоюды және біздің гаражымыз орналасқан жер телімін заңдастыруға рұқсат беруін сұрағанбыз. Бірақ, әлі жауап алған жоқпыз",- деді А. Журавлев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны