29.10.2010, 14:01 4067

Алматы әкімшілігі басқа қаладан келген көліктердің қалаға кіруін шектеу жөніндегі жоба әзірлеуді жоспарлауда

Алматы әкімшілігі басқа қаладан келген көліктердің қалаға және оның орталығана кіруін шектеу жөніндегі жобаны іске асырмақ. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 29 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімшілігі басқа қаладан келген көліктердің қалаға және оның орталығана кіруін шектеу жөніндегі жобаны іске асырмақ. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Икімшілік Алматы қаласаның атмосфералық ауасының ластану деңгейін төмендетуге бағытталған шаралары туралы, атап айтанда басқа қаладан келген көліктердің қалаға кіруіе шектеу туралы қойылған сұраққа Е. Шорманов, әкімшіліктің бұл мәселемен айналысып жатқандығын хабарлады.

"Шектеуге келетін болсақ, өкінішке орай бұл біздің Конституциямызға қайшы келеді, яғни бұл жерде осы мәселені пысықтайтын қандай да бір қосымша заң қажет. Біз дәл осы мәселемен айналысып жатырмыз. Біз парламентке бірқатар бастамалар, соның ішінде көлік құралдарына байланысты ұсыныстар енгіздік",- деді әкімнің орынбасары.

"Біз бүгінгі күнде Еуропада тиімді пайдаланып келе жатқан осы сияқты жобаларды мұқият зерделеудеміз",- деп атап өтті ол.

Бірақ оның айтуынша, бүгінде "белгілі бір мәселелердің заңнамалық тұрғыдан" шешімін таппай тұрып, мұндай жобаларды айту әлі ерте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны