10.01.2012, 15:44 3599

Алматы ауасының ластану деңгейі төмендеп келеді

2011 жылы Алматы атмосферасының ластану деңгейі біршама төмендеді. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтеріне сілтеме жасап, қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады.

Алматы. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы ауасының ластану деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы Алматы атмосферасының ластану деңгейі біршама төмендеді. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтеріне сілтеме жасап, қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады.

Мәселен, 2010 жылы ауаның ластану индексі (ИЗА5) 11,7 бірлікті құраса, 2011 жылы 9,2 бірлікке азайды. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 12,9 бірлік болды. Яғни, қазіргі таңда Алматыда ауа ластануының төмендеу үдерісі байқалуда.

Бүгінгі күні Алматы әкімшілігі қала ауасының ластануын төмендету үшін бірқатар кешенді шараларды қолға алуда. Атмосфераның негізгі ластаушысы автокөліктер екені белгілі, сондықтан өткен жылы автокөліктер шығаратын газдың зияндылығын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. 2011 жылы Жол полициясы басқармасы көліктер шығаратын түтін мен газдың улылығы жоғары 18 117 көлікті анықтап, 57 979 538 теңгеге айыппұл салды, оның 40 607 770 теңгесі өндіріп алынды. Сондай-ақ, автокөліктердің дер кезінде техникалық бақылаудан өтуіне қадағалау күшейтілді. 2011 жылдың 11 айы ішінде 272 311 автокөлік техникалық тексеруден өткізіліп, оның 5 680-і техтексеруден жіберілмей, пайдалануға жарамсыз деп табылды.

Бұнымен қатар, арнайы мекемелер бекеттердегі жанармайлардың сапасына мониторинг жасап келеді. Наурыз-желтоқсан айлары аралығында 178 жанармай бекеттері тексеріліп, оның 41-інде сапасыз жанармай сатылғандығы анықталды. Арнайы органдар тарапынан 1,7 млн. теңгеге айыппұл салынып, құны 81,3 млн. теңге болатын мұнай өнімдерінің 20 партиясын сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Алматыда жеке тұрғын үй секторларына табиғи газды тарту жұмыстары жалғасуда. 2011 жылы қала бойынша 83 шақырымнан асатын газ құбыры тартылды.

Оған қоса, көліктерді биоотынға, газға көшіру бағдарламасы іске асуда. Мәселен, бүгінде газбен жұмыс істейтін муниципалды парктің 200 автобусы тоғыз бағыт бойынша жұмыс жасайды. Көлік стратегиясы аясында Алматы метрополитенінің 1-інші кезегі қолданысқа берілді, шығыс айналма жолының бірінші және екінші учаске жолдары ашылды. Сондай-ақ, 210 шақырым көшеге орташа жөндеу, 6,86 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 жерасты төлелері салынды.

Бұнымен қатар, қала атмосферасы экологиясын сауықтыру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Өткен бір жылдың ішінде Алматы қаласы аумағында 36 мың түрлі ағаштар отырғызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны