01.08.2018, 10:03 3899

Алматы аудандарында қарттарға құрмет көрсету бағытында көптеген әлеуметтік жобалар іске асырылуда

"Ғасыр құрдасы" атты іс-шара бойынша, 100 және одан да ұзақ ғұмыр кешуші қарттарды мерейтойларымен арнайы үйлеріне барып, құттықтау жұмыстары жүргізілді.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Орталық дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және басқа да ойындарға арналған кабинеттермен, кітапханалар, соныӊ ішінде аудиокітаптар, ДШК сабақтары үшін залдармен жабдықталған, сондай-ақ, компьютерлік сауаттылықты, ағылшын тілін меӊгеру курстары тұрақты негізде өтеді. Ақысыз негізде заӊ, психологиялық және медициналық кеӊестер көрсетіледі. Бұдан басқа, ҚАРТ-бақшасын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, ақылы тәулік бойы болу бөлімі, қала емханаларында геронтология кабинеттерін ашу, агро-краудсорсинг сабақтарын жүргізу көзделуде. Клубтар ұйымдастырылып, соныӊ ішінде қаланыӊ саябақтары мен гүлзарларында "скандинавтық жүру" ұйымдастырылады, топ болып музейлерге, театрларға, көрмелерге және т.б. көрікті жерлерге барады.

Барлық аудандарда әлеуметтік клубтар, кітапханалар, мектептер, театрлар, колледждер, университеттер, жастар лофт-орталығы, аула клубтары сияқты коммуналдық және коммерциялық жылжымайтын мүлік негізінде шектеулі уақытқа орнатылады. Сонымен қатар, егде жастағы адамдар үшін бос уақытты өткізуге жағдай жасау үшін еркін әлеуметтік клуб құруға ниет білдіретін бизнес-қоғамдастықты тарту жоспарлануда. Осыған байланысты жүйелік және транспаренттік жұмыс туралы меморандумдар жасалады. Болашақта бизнес-қоғамдастықтар материалдық-техникалық базаны ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір іс-шараларды жүргізу үшін қызметкерлерді де (инструкторлар, мұғалімдер және т.б.) қамтамасыз етеді. Илеуметтік клубтарда белгіленген жұмыс кестесі жоқ және мекеме немесе кәсіпорынныӊ мүмкіндіктеріне байланысты. Олардыӊ түрлері бойынша әлеуметтік клубтар оқу, спорт, мәдени-демалыс және басқа да жұмыс процесінде анықталады.

Ал Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үйлерінде жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Арнайы клубтар, скандинавиялық жүріс, серуендеу, Қазақстанныӊ киелі жерлеріне барып географиясымен танысу, тренингтер өткізу, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, би, поэзия кештері, фэн-шуй, йога, қол терапиясы, өнер терапиясы, аулаға гүл отырғызу, оны баптау-күту, бау-бақшамен айналысып, жастарға үйрету, т.б. көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жол картасы "Белсенді ұзақ өмір" жобасы қалалық әкімдікпен бірге қабылданғандықтан, қаламыздыӊ аудандарымен тығыз бірге қызмет жасаудамыз. Осы ретте, аудандық әкімі аппараттары жоба бойынша өз жоспарларын құрып, жұмыстарын бастап та кетті.

Мәселен, Алмалы ауданындағы А.П.Чехов атындағы кітапхана базасында егде жандарға арналған шахматтық клуб ашылды. Онда 15 адам қатысуда. Осы кітапханаға қоса №4 кітапханада зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған компьютерлік курстар ашылды. Ол жерде 20 адам курс сабақтарын жүргізіп отыр. Ганди атындағы саябақта зейнеткерлердіӊ қатысуымен күн сайын таӊертеӊгілік және кешкілік жаттығулар жасалады. Жамбыл атындағы кітапхана базасында егде жандар үшін қазақша және ағылшын тілдерін меӊгеру мақсатында тілдік курстар ашылды. Бұл жерде бұдан басқа зейнеткерлер үшін психологиялық тренингтер өтеді. Қазіргі таӊда курстар мен тренингке 20-дан аса адам қатысып отыр. Бүгінгі таӊда Ганди саябағында орналасқан волейбол клубы басшысымен келісім-шарт жасасып, зейнеткерлердіӊ демалуына арнайы орын бөлу мүмкіндігіне ие болып (орталықтыӊ ашылуы шілде айыныӊ аяғында құрылыс жұмысыныӊ бітуіне орай жүзеге асырылады) отырмыз. Бұдан басқа, ардагерлер үшін шахмат клубтарын ашу мақсатында қаладағы көптеген кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде. Жобаныӊ "Бұл - Аула" деп аталатын бөлімінде көрсетілгендей, қолөнер бұйымдарымен жасалған жасанды көрме жәрмеӊкесін өткізу және зейнеткер жасындағылар үшін жасыл көшеттер отырғызу да көзделіп отыр. Егде жастағы қарттарымыз ауданныӊ спорттық шараларына қатысып отырады. Аудан зейнеткерлері велошеру, марафон, жалпықалалық спартакиада және басқа да шараларға шақырылып тұрады. Тіпті, жоғарыда аталған шаралар екінші жартыжылдықта жүзеге аспақ. Аталған шаралар ПИК, ЗТМО, емхана, әлеуметтік қызметкерлер мен және басқа да ынта білдіруші мекемелер арқылы іске асады. Қазіргі таӊда "Үшінші жастыӊ таланттары" атты конкурсына қатысуға іріктеу жүргізіліп жатыр. Бұл шара жоспар-кестесіне сай қыркүйек айында өткізіледі.

Ал Алатау аудандық әкімдігі: егде жастағы қарттарымызды қазіргі қоғамға бейімдеу мақсатында, арнайы күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мекемелерде "компьютерді үйрету" жұмыстары жүргізілуде. Ардагерлер кеӊесімен бірлесіп, қарт адамдар арасында спорттыӊ бірнеше түрінен жарыстар өткізілді. Жалғызбасты қарт адамдарға және аз қамтылған қарттардыӊ тізімін анықтап, арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Коммуналдық төлемдерін төлеу үшін тұрғын үй көмегін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан емханаларында медициналық тегін тексеру жұмыстары жүргізілді. Өздігінен жүре алмайтын қарттардыӊ үйлерінен дәрігер мамандардыӊ барып тексеруін қамтамасыз етілді. Илеуметтік қызмет көрсету мекемеле-рініӊ стационарлық тарабыныӊ дамуы қарттарға бірнеше бағыттар бойынша көмектер жүргізілді:

1. Тұрақты өмір сүрудіӊ еӊ қолайлы жағдайын жасау;

2. Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және қайта қалпына келтірудіӊ сапалы ұйымдастырылуы;

3. Илеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;

4. Өзара қарым-қатынастарындағы байланыстарды нығайту.

"Ғасыр құрдасы" атты іс-шара бойынша, 100 және одан да ұзақ ғұмыр кешуші қарттарды мерейтойларымен арнайы үйлеріне барып, құттықтау жұмыстары жүргізілді. Аудандағы қарттардыӊ белсенділігін арттыру мақсатында қарттар жиі-жиі серуендеп отырады.

Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету мақсатында аудандағы жастар орталықтары демалыс күндері "Қарттар-біздіӊ асыл қазынамыз" акциясы аясында қарттардыӊ үйлеріне барып, қажетті көмектер көрсетеді.

Қарттардыӊ бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін, саябақтардыӊ қолайлылығы, тазалығы қамтамасыз етілді. Мәдени орындарға (музей, театр, кинотеатр, концерттерге) арнайы жолдамалар беріліп тұрады. Арнайы белгіленген мекемелерде психологиялық тренингтер, егде жастағы адамдарға арналған түрлі терапиялар өткізілді. Білім мекемелерінде қарттардыӊ қатысуымен кездесулер, "дөӊгелек үстелдер", ашық сабақтар өткізіліп тұрады.

Иуезов аудандағы №6 емханада "Лайықты жас" деп аталатын клуб ашылды. Клуб аптасына 2 рет 2-3 сағат бойына қызмет жасайды. Ол жерде мидыӊ дұрыс жұмыс жасауын арналған арнайы сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Бостандық ауданы: аудан аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар және аулаларда 22 спорт алаӊдары орналасқан. №14 кітапханада "Ардагерлерге өнеге" атты клуб ашылды. Ол жерде шахмат, дойбы ойындары ұйымдастырылып өтуде. Аталмыш клубқа ауданныӊ 100 белсенді зейнеткерлері қатысады. "Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығыныӊ" өкілдері мен "Евразия Скандинавиялық жүру" мектебініӊ жаттықтырушысыныӊ қатысуымен Тұӊғыш Президент саябағында 30 белсенді тыл майдангерлері мен зейнеткерлері "Скандинавиялық жүріс" бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырды. "Комфорт" тұрғын үй кешенінде ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған шахмат клубы ашылды. Оныӊ ішінде тоғызқұмалақ, нарды, дойбы ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Шахмат клубына 150 белсенді зейнеткерлер қатысып отыр. Ал "Халықаралық инновациялық техникалық" және "Қайнар" университеттерінде ауданныӊ ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған компьютерлік курстар ұйымдастырылып өткізілуде. Курсты аяқтағандарға арнайы сертификат табыс етіледі.

Жетісу ауданы: "Сандық Қазақстан" бағдарламасы шеӊберінде "Белсенді ұзақ өмір" Жол картасы бойынша қарттарымыздыӊ компьютерді сауатты пайдаланып, сайттар мен желілер арқылы өз мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында курстар жүргізілуде. Ол жерде үкіметтік, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық сауда-саттық туралы білулеріне мүмкіндік бар. Егде жастағыларға арналған "Айкүне" атты қазақша жаттығулар ұйымдастырылса, "Абылайхан" фитнес тренерлік клубы да өз жұмыстарын атқарып жатыр. Ал "Құлагер" және "Айнабұлақ" ықшамаудандарында егде жастағылар үшін қытайдыӊ "Ушу" жаттығуыныӊ үйірмесі жұмыс істейді.

Медеу ауданы: Жобаны жүзеге асыру мақсатында таӊертеӊгілік "Қара жорға" халық биіне нақышталған жаттығулар жасалады. Бұл бидіӊ өзіндік сыры бар. Биді үйрету және ауданныӊ зейнеткерлерін белсенді өмір салтына тарту, таӊертеӊгі тонусты, күндізгі көӊіл-күйді көтеру болып табылады. Осы бағыттағы жоспарлы іс-шара өз жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.

Түрксіб ауданы: ауданда егде жастағы адамдарға арналған "Радуга" клубы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қарттарымызға арналған флэш-мобтар, шахмат клубтары, тренингтер, лекциялар, ЕДШ-лар, компьютерлік сауаттылыққа курстар, вокалды ұжымдар, суда жүзу клубтары, денсаулық клубтары, экотуризм бұл жерде Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясымен Түркістан, Иса Ата, Сарыағаш киелі жерлерінде болып қайтты. Жазғы мезгілдерді Түрген, Есік қорғаны, Алакөл және басқа да жерлерге болу жоспарлануда.

Наурызбай ауданы: Илеуметтік клубтар өз жұмыстарын бастады. Компьютерлік сауаттылық, таӊғы және кешкі ЕДШ сабақтары, йога назарда.

Жол картасы "Белсенді ұзақ өмір" жобасы, Алматы қаласы зейнеткерлері мен ардагерлеріне, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, зейнеткерлік жаста не істейміз деген сауалға жауап таба алмай жүрген жандарға еӊ қажетті жоба. Жобаны іске асырып қана қоймай, үнемі дамытып, олардыӊ заман талабына сай өмір сүрулерін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба, рухани жаӊғыруға қосылған ауқымды іс деп бағалаймыз, деп жазады Ләззат Жетібаева,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары.

"Алматы ақшамы" газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны