29.07.2015, 08:37 2976

Алматы аудандарыныӊ зардап шеккен аудандарынан 36 мыӊ текше метр лай шығарылды

Зардап шеккен Алматы қаласыныӊ аудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Селдіӊ салдарын жою жұмыстарына 1842 адам мен 331 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР ТЖК

Алматы. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Зардап шеккен Алматы қаласыныӊ аудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Селдіӊ салдарын жою жұмыстарына 1842 адам мен 331 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР ТЖК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Наурызбай ауданындағы тазаланған аумақтан 21000-ден астам текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылып, Қарғалы өзенініӊ 1,6 шақырым арнасы тазартылды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Алатау ауданыныӊ Алғабас елді мекенінде орталық Ақсай көшесі тазаланып, 14110 текше метр келетін қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды. Иуезов ауданынан 1500 текше метр келетін қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды.

Жалпы зардап шеккен аудандардан 36610 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар мен лай шығарылды.

ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласыныӊ құтқару қызметі құлаған талдардан болатын қауіпті жою жұмыстарын жүргізуде.

"Қазселденқорғау" ММ Қарғалы селден қорғау бөгетініӊ аумағын тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Қарғалы бөгетініӊ жоғарғы жағында орналасқан көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамту қызметініӊ 15 бірлік техникасы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде.Тұтынушылардыӊ құқығын қорғау департаменті 223 жеке тұрғын үйде зарасыздандыру жұмыстарын жүргізді.Электртарату желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

"Қазавиақұтқару" АҚ мен Аламаты қаласыныӊ құтқару қызметініӊ тікұшақтарымен әуеден кезекшілік жүргізу жалғасуда.

Қарғалы өзенініӊ арнасындағы су деӊгейіне тұрақты мониторинг жүргізіп отырған "Қазселденқорғау" ММ-ніӊ мәліметіне сәйкес, су шығыны секундына 2,8 текше метрді құрап отыр. Судыӊ көтерілу қауіпі жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны