08.12.2015, 11:58 3981

Алматы әуежайы шарықтаған бағаны сынаған жолаушыларға қымбат тамақты сатып алмауға кеӊес берді

Алматы әуежайында ас-судыӊ бағасы әлі де аспандап тұр. Бір бутербродтыӊ бағасы - 2 мыӊ, бір шыныаяқ кофе - 1200 теӊгеден сатылып жатыр. Ал тәттілердіӊ құны, тіпті, ақылға сыйымсыз.

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы әуежайында ас-судыӊ бағасы әлі де аспандап тұр. Бір бутербродтыӊ бағасы - 2 мыӊ, бір шыныаяқ кофе - 1200 теӊгеден сатылып жатыр. Ал тәттілердіӊ құны, тіпті, ақылға сыйымсыз. Сондықтан тамаққа ақшасы жетпеген жолаушылар ұшақтарын аш қарын отырып тосуға мәжбүр. Бұған дейін де сараӊдығы үшін сөз естіген әуежайдағы саудагерлер қып-қызыл қымбатшылықтыӊ себебін тамақты шетелден тасып жатқандығымен түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас айналдырар баға бұл күндері тек әуежайда ғана. Асханасыныӊ бәрі кілеӊ ауқатты жандарға арналып ашылғандай. Ішінде бір түйір шұжығы бар бутербродтыӊ еӊ арзаны - 2000, ал шайдыӊ кесесі 800 теӊге. Мұндай бағаға бойы үйренбеген жолаушылар тәбеті ашылса да аш отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Айтбай Сейітмағамбетов:

-Ішетін су балаға, сүт бәрі қымбат. Пирожки 300-ден бастап мынау не?Жәй картошкамен, мұндай болмайды ғой?

Гүлнар Тоқбердиева:

-Тамақ ішу мүмкін емес.Бір жігіт көщедегі арзан кафеден тамақтануға кеӊес берді. Масқар удай қымбат.

Есесіне, бірен-саран адам болмаса, дәмханалардыӊ бәрі бос. Даяшылары табалдырықта телміріп тұр.

-Біз қазір әуежай ішіндегі дәмханалардыӊ біріндеміз. Мұнда шәйдіӊ бағасы 500 теӊге кішкентай ғана пиаласы. Ал кофеніӊ бағасы болса -1500 теӊгеден дейді. Ал круассандардыӊ бағасы -1100 теӊге, әрине ол круассандардыӊ көлемі бәліштен шамалы кішілеу. Және мұнда десерттер бар түрлі, тәттілер бар, бір алманыӊ да бағасы тіпті 10 келі алмадан да қымбат тұрады. 1500 теӊге. Ал көріп тұрғандарыӊыздай, орындықтардыӊ бәрі бос. Тамақтанып жатқан бірде бір адам жоқ.

Сөйтсек, сөредегі ас-судыӊ бәрі кілеӊ шетелден әкелінген екен. Тәттілері - Италиядан, ал бәліштері Францияда пісірілген. Сол себепті де бағасы қымбат деп түсіндірді саудагерлер.

-Шынымен Франциядан әкелінген круассандар ма?

-Ирине, 1100 теӊге.

Тек тамақты шетелден тасып қымбатқа сатқан әуежайдағы саудагерлерге "әй дейтін әже" болмай тұр. Иуежай басшылығыныӊ өзі көпшілік "көрпесіне қарай көсілсін" деп отыр.

Серік Мықтыбаев, Алматы әуежайыныӊ вице-президенті:

- Қымбат тамақты қалтасы қалыӊ азаматтар алып жейді. Егер ақшасы жетпесе, оны ешкім де қинап жатқан жоқ қой. Ол үшін арзан терминалдар орнаттық.

Ал арзан деген терминалдарда тіске басар түк жоқ. Тек сусын ғана сатылған. Оныӊ өзі - үш есе қымбат. Баға үшін басы дауға қалған әуежай арзан самса, шәй, сусын сататын сауда орнын қойған. Бірақ ол жолаушыларға түсуге болмайтын бірінші қабатта тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны