24.04.2008, 17:40 3681

Алматы әуежайында екі үлгідегі ұшақтарды қабылдай алатын ұшу-қону алаңы салынуда

Алматы әуежайында екі үлгідегі ұшақтарды қабылдай алатын ұшу-қону алаңы салынуда

Алматы. 24-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында екі үлгідегі ұшақтарды қабылдай алатын ұшу-қону алаңы салынуда, деп хабарлайды агенттік Алматы қалалық әкімшлігі аппаратының бұқарамен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

"2006 жылы жалпы көлемі 4500 х 60 метр болатын екінші ұшу -қону алаңының құрылысы басталған болатын. Ол іске қосылса барлық типтегі әуе лайнерлерінің жұмысы жеңілдеп, жолаушыларға қызмет көрсету аясы да кеңейе түсетіні анық. Ұшу -қону алаңы Ш категориялы қондырумен қамтамасыз етіледі",- деп хабарлайды басқарма.

Басқарма таратқан хабарламаға сәйкес, "ұшу -қону алаңының бас мердігері 60 жылдан бері осындай құрылыстарды жүргізумен айналысып келе жатқан "Планум" фирмасы".

Қазіргі кезде негізгі жұмыстар атқарылып, бетон төсеу жүргізілуде, жарық беретін жабдықтар , кабельдер орнатылды. Энергетикалық шаруашылықтар мен ұшу қозғалысы басқармасы бойынша жұмыстар жүзеге асуда.

Халықаралық жаңа терминал сағатына 1800 жолаушыны қабылдайтын болады.

Болашақта 9 қабатты 126 бөлмелі қонақ үй де іске қосылатын болады. "Қазір мұнда ішкі құрылыс жұмыстары жүруде. Электр жүйелері, вентиляция, витраждар жасау қолға алынған".

Бұлардан өзге аумағы 20 мың шаршы метр болатын уақытша сақтау қоймасының құрылысы аяқталып қалды. Алаңы 9036 маршы метр болатын қойманың әкімшілік ғимаратының құрылысы қарқын алуда.

Б-737 типтегі екі самолеттің Ангара құрылысы да аяқталып, ауланы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Б -747-400 типтегі самолеттер тұратын жерлер де дайын. Инженерлік коммуникацияның негізгі жұмыстары жалғасын табуда.

Басқарманың хабарлауынша, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кеше "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ-ы терминалында болып, оның даму концепциясымен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны