26.10.2016, 11:00 3320

Алматы әуежайында үлкен көлемдегі қаржыны жарияламай өтуге тырысқан азамат ұсталды

"Алматы-Үрімші" бағытындағы жолаушылар ұшағына шекаралық бақылау жүргізу кезінде аталған азаматтыӊ қолжүгінен 19 000 АҚШ доллары және 2 500 юань табылды.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық шекарашылар үлкен көлемдегі қаржыны жарияламай өтуге тырысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, "Алматы" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды Алматы әуежайында қаржысын жарияламай өтіп бара жатқан 47 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

"Алматы-Үрімші" бағытындағы жолаушылар ұшағына шекаралық бақылау жүргізу кезінде аталған азаматтыӊ қолжүгінен 19 000 АҚШ доллары және 2 500 юань табылды.

Ұстау материалдары "Жетісу" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны