28.12.2012, 12:07 3808

Алматы әуежайында жаңа жолаушылар терминалы ашылды

Алматы әуежайының басшылығы жолаушылар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ескі ғимаратты қалпына келтіру эәне оны галерея көмегімен негізгі терминалға қосу туралы шешім қабыладды. Екінші терминалды жаңғырту барысында озық технологиялар ескеріліп, жаңа қондырғылар пайдаланылады.

Алматы. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы халықаралық әуежайында ішкі әуе бағыттарына қызмет ететін жаңа жолаушылар терминалы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы әуежайының басшылығы жолаушылар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ескі ғимаратты қалпына келтіру эәне оны галерея көмегімен негізгі терминалға қосу туралы шешім қабыладды. Екінші терминалды жаңғырту барысында озық технологиялар ескеріліп, жаңа қондырғылар пайдаланылады.

Терминалдың іске қосылуы әуежайдың өткізу қабілетін сағатына 1 мың 600 жолаушыға дейін жетеді және алдағы үш-төрт жылда жолаушылар ағынының артуына төтеп бере алады. Қазіргі уақытқа дейін Алматы әуежайы 4 млн жолаушыға қызмет көрсетті, жолаушылар ағыны тәулігіне орташа алғанда 10 мың 950 адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны