05.01.2009, 17:40 2678

Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушы әйелді Мәскеудің орнына Біріккен Араб Имірліктеріне жіберу дерегі бойынша тексеру жүргізуде

Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушы әйелді Мәскеудің орнына Біріккен Араб Имірліктеріне жіберу дерегі бойынша тексеру жүргізуде

Алматы. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі жолаушы әйелді Мәскеудің орнына Біріккен Араб Имірліктеріне жіберу дерегі бойынша тексеру жүргізуде. Бұл туралы әуежай президентінің PR жөніндегі ассистенті Алена Кочнева хабарлады.

"Қазір бұл оқиға бойынша ішкі тексеру жүргізілуде", - деді А. Кочнева.

Оның айтуынша, әуежайда рейс нөмірі бірдей, бірақ түрлі бағытта ұшатын ұшақтар біруақытта жолға шығатын оқиғалар кездеседі. Зейнеткер әйелдің оқиғасында дәл осындай жағдай шыққан. "Нөмірлері бірдей, бірақ, белгіленетін әріптері әртүрлі рейстер бар. Мысалы, LH немесе GH, одан әрі сандары бірдей. Араға небәрі 10-30 минут салып әр елге ұшатын екі рейс те болады", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы әуежайы қызметкерлерінің кінәсіне байланысты Ресейлік 74 жастағы зейнеткер кейуана Мәскеуге үш күн ұшып әрең жетті. Осы уақытта ол Біріккен Араб Имірліктеріне барып, сосын Қазақстанға кері оралып үлгерді, деп хабарлайды агенттік тілшісі NEWSru сайтына сілтеме жасап.

Алматы әуежайы қызметкерлерінің керітартпалығынан 74 жастағы Липецк тұрғыны Александра Татаренко Мәскеуге ұшамын деп Біріккен Араб Имірліктерінен бірақ шыққан, деп жазады "Московский комсомолец" газеті.

Ол ұшатын күні Қазақстандағы әуежайдан рейс нөмірі бірдей 256 болып табылатын екі лайнер біруақытта ұшқан. Бір ұшақ Мәскеуге, екіншісі- Шаржаға бет алған.

Төлқұжат бақылауы бөлімінің қызметкерлерінің кінәсінен А. Татаренко өзі ұшатын рейсті шатастырып, Біріккен Араб Имірліктеріне аттанып кеткен. Ол жерде тон киген әйел екі тәулік бойы ас-сусыз жүрген. 28 желтоқсан, сенбі күні әйелді Алматыға дейін ұшатын лайнерге мінгізіп жіберген. Ұшақ Қазақстан әуежайына қонған кезде оны күзетшілермен бірге күту залына алып келеді.

Бұдан кейін турист әйелді Мәскеуге бет алған ұшаққа отырғызған. Бірнеше сағаттен кейін оны туыстары Мәскеу әуежайында күтіп алды.

"Иуежай әкімшілігі Александра Петровнадан әлі күнге кешірім сұраған жоқ және моральдық шығынды да өтемеді. Біз сотқа шағымдануымыз мүмкін", -дейді А. Татаренконың туыстары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны