15.01.2009, 17:48 3300

Алматы ауыр машина жасау зауытының акционерлері кәсіпорынды жоймақшы

Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшылары кәсіпорынның жойылуына қарсылық білдіруде

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшылары кәсіпорынның жойылуына қарсылық білдіруде. Бұл туралы бүгін өткен абспасөз мәслихатында бастамашыл топтың өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Зауыт бүгінгі күнге дейін ырғақты әрі тұрақты жұмыс істеп келеді. Зауыттың жалақы немесе зейнетақы төлемдері бойынша берешегі жоқ. Зауыт ай сайын 141 млн теңгенің өнімдерін өндіреді", - деді жұмысшы Оразай Молдабеков.

"Біз жуырда 19 қаңтарда акционерлердің жиналысы өтіп, акционерлік қоғамды ЖШС болғызып өзгертеді деген әңгіме естідік. ЖШС- бүгін бар, ертең жоқ, тұрақсыз дүние. Біз зауытты мемлекетітк меншікке өткізуді, зауыттың жұмыс істей беруін талап етеміз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны