18.09.2006, 15:11 3267

Алматы ауқымды зілзалаларға дайын емес - төтенше жағдайлар жөніндегі департамент

АЛМАТЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Аса ірі көлемдегі табиғи зілзала болу қаупі жоғары Алматы қаласы оған дайын емес". Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің төрағасы Дамир Халиков "Мегаполис" газетіне осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Департамент төрағасының айтуынша, қалада күні бүгінге дейін ғылыми негізді әрі түбегейлі дайындалған жалпы қауіпсіздік тұжырымдамасы жоқ. Онда қалаға төнуі мүмкін барлық қауіп-қатерлер мен тәуекел түрлері айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетілуге тиіс. Тұжырымдама қаланың тұрақты дамуына қажетті, іш пен сырттан қауіп-қатер төнген жағдайда тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мамандар қалада құрылыс салуға қатысты нормалар мен ережелердің бұзылу деректерін бұрын да айтқан. Мәселен, олар он балл қуаты бар жер сілкіну қаупі бар Алматыда құрылыс салу ережелері мен тәртіптеріне сәйкес бір гектарға 300 адамнан артық келмейтіндей есеппен құрылыстарды салу керек. "Алайда қазіргі инвесторлар бұл санды бір гектарға шаққанда 20 мың адамға жеткізу саясатын ұстануда", дейді сәулет және құрылыс саласының маманы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны