08.02.2007, 17:24 3225

Алматы басшылығы балалар үйіне тиесілі жерді заңсыз тәркілемек - облыстық әкімшілік

АЛМАТЫ. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы қаласының басшылары Алматы облыстық № 1 бабалар үйі орналасқан жерді заңсыз тәркілемек, деп мәлім етті "Время" апталығына Алматы облыстық білім департаменті директорының бірінші орынбасары Анатолий Рудер.

"Алматыжер" МКК заң аясынан тыс әрекет етіп отыр, себебі балалар үйі облыстық әкімшіліктің қарамағында",- деді А. Рудер.

Басылымның жазғандарына сүйенсек, Бағанашылдағы балалар үйі Алматы әкімшілігінің кәсіпорыны "Алматыжерден" жер телімін тәркілеу туралы хабарлама хат алған. Балалар мекемесінің басшылығы құжаттарды қабылдаудан бас тартып отыр, себебі балалар үйі ресми түрде Алматы облысы әкімшілігінің коммуналдық меншігіне жатады.

"Қазіргі уақытта "Алматыжер" басшыларына заңды тұрғыдан дәлелденген хат дайындаудамыз",- деді А. Рудер.

Облыстық білім департаменті директорының орынбасарының пікірінше, "оңтүстік астана әкімшілігінің таласып отырған жері ең майлы шелпектердің біріне жатады, мінеки, сондықтан да оны балалардан тартып алмақ". Сонымен қатар, шенеуніктің пікірінше, "бұл жерде мемлекеттік қажеттіліктің иісі де сезілмейді. Жаңа жол, немесе, әлдебір стратегиялық құбыр тартпақшы деп ойлап отырсыз ба? Мүлдем олай емес. Идеттегідей, кәдімгі коммерциялық құрылыс салынады",- деді.

Апталықтың ақпараттарына сүйенсек, балалар үйінің аумағы 2,5 гектарды құрайды. Аталмыш аудандағы бір соттық жер нарықта 150 мыңнан 200 мыңға дейін АҚШ долларына бағаланады. Қала басшылығы тәркілемек болып отырған балалар мекемесінің жарты учаскесінің нарықтағы нақты бағасы 10 млн-нан 25 млн АҚШ долларына дейін жетеді, деп есептейді журналистер.

"Алматыжер" кәсіпорнындағылар газетке жер телімі "ескі үйлерді бұзуға байланысты қала қажеттілігі үшін" тәркілеу жүргізіліп жатқандығын хабарлаған. Сондай-ақ, балалар үйіне қарасты жер телімінің қосалқы шаруашылыққа арналған бөлігі ғана алынады, деп көрсеткен. Апталықтың ақпараттары бойынша, бұл учаскеде балалар көкөністер мен ағаш егуді, трактор жүргізуді үйренеді.

Осы мәселеге қатысты Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов келесідей түсініктеме берді. "Біздің коммуналдық меншігімізге қатысты жағдайлардың барлығы да облыс әкімі Серік Үмбетовпен келісілуі керек. Егер, жер телімін тәркілеу шын мәнінде мемлекеттің қажеттігі үшін жүргізілсе, біз бұл мәселені талқыға салар едік - бәріміз де мемлекеттің адамдарымыз емес пе",- дейді С. Мұқанов.

Апталық ақпараттарына сүйенсек, Алматы облыстық № 1 балалар үйінде 200 бала тәрбиеленуде. Балалар үйі БҰҰ Дамыту бағдарламасының миссиясымен Алматы апортын қайта қалпына келтіру бағдарламасы бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуде. Балалар өз қолдарымен 20 мыңнан аса алма ағашын отырғызған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны