16.04.2009, 14:58 2755

Алматы басшылығы күндізгі уақытта қаладағы жолдармен жүк көлігінің жүруіне тыйым салады

Алматы басшылығы күндізгі уақытта қаладағы жолдармен жүк көлігінің жүруіне тыйым салады

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы басшылығы күндізгі уақытта қаладағы жолдармен жүк көлігінің жүруіне тыйым салады. Бұл туралы кеше Алматы әкімі Ахметжан Есімов әкімдікте өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз жүк көлігі мен жол талғамайтын ауыр көліктердің қаланың орталық бөлігінде жүруіне шектеу қою жөнінде шешім қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов.

"Жүк көліктерінің күндізгі уақытта таңғы сағат 6.00 мен 23.00 аралығында қаладағы жолдармен жүруіне тыйым саламыз. Тек апаттан құтқару қызметтерінің, жол құрылымдары мен Азиада нысандарын салуға тартылған көліктердің, жолдарда асфальтбетон төсеудің үздіксіз технологиялық циклін қамтамасыз етуші көліктер ғана арнаулы өткізу куәліктері бойынша жүретін болады", - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір дайындалып жатқан жүк көліктерінің қала аумағы арқылы жүру ережелерінде "арнаулы өткізу құжаты болған жағдайда түнгі сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін жалпы салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жүк көліктерін пайдалануға рұқсат беру" жоспарлануда.

"Сүйінбай даңғылы, Фурманов, Абылай Хан, Луганский, Тәттімбет көшелері, Республика, Астана және Шоқан Уәлиханов алаңдарымен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынсын. Алматы қаласында жүк көліктерінің жүруіне қалалық жол полициясы басқармасының арнаулы өткізу құжаты болған жағдайда ғана жүруге рұқсат берілсін", - деді Ахметжан Есімов.

Ол сонымен бірге "қалада жұмыс істейтін автокөліктер "Евро-2" стандартына сай келуге тиіс. Егер ол сай келмесе, мемлекетлік автоинспекциямен бірлесе отырып біз ондай көлікті пайдалануға тыйым салуға тиіспіз", деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны