23.10.2012, 17:03 3419

Алматы бюджеті 4 млрд теңгеге өсті

Алматы қаласының 2012 жылға бекітілген бюджеті жалпы алғанда 354 млрд 178 млн 473,8 мың теңгені құрады, деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Алматы. 23-қазан. Kazakhstan Today - Алматы бюджеті 4 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының 2012 жылға бекітілген бюджеті жалпы алғанда 354 млрд 178 млн 473,8 мың теңгені құрады, деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

2012 жылдың бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың V-ші шақырылымдағы депутаттарының IX сессиясында қаралды, делінген онда.

"Дауыс беру нәтижелері бойынша қаланың бюджеті 4 млрд 401 млн 46 мың теңгеге арттырылды. Бұл сома салық түсімдерінің 4 млрд 135 млн 46 мың теңгеге артуы және республикалық бюджеттен 266 млн теңге трансферттің бөлінуі есебінен көбейіп отыр ", делінген онда.

Демек, бюджет 1,3% арттырылды.

Бұл қаражат мектеп, бала-бақшаларды , ауруханалар мен емханаларды материалды-техникалық жарақтандыруға, қар тазалау үшін арнайы техника сатып алуға және Алматыда "Мәдениет жылы" шеңберінде мәдени шараларды ұйымдастыруға жұмсалмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны