08.10.2012, 15:30 3349

Алматы бюджетіне метродағы жарнамалар үшін жылына 107,5 млн. теңге қаржы түседі

"Жарнама және сауда алаңдарын жалға беру бойынша жүргізілген тендерде "МультиМедиаСервис" ЖШС жеңімпаз атанды. Оның бір жылға ұсынып отырған сомасы - 107?515?335 теңге. Бұдан былай компания пайда тапқанына немесе таппағанына қарамастан бюджетке тиесілі соманы құюы тиіс" - делінген қала әкімінің таратқан хабарламасында.

Алматы. 8-қазан. Kazakhstan Today - Метрополитенде жарнаманы орналастырудан Алматы қаласының бюджетіне бір жылда 107, 5 млн. теңге түседі және ол қаржыны станцияларды дұрыс ұстау барысында үнемдеуге де болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жарнама және сауда алаңдарын жалға беру бойынша жүргізілген тендерде "МультиМедиаСервис" ЖШС жеңімпаз атанды. Оның бір жылға ұсынып отырған сомасы - 107?515?335 теңге. Бұдан былай компания пайда тапқанына немесе таппағанына қарамастан бюджетке тиесілі соманы құюы тиіс" - делінген қала әкімінің таратқан хабарламасында.

Икімдікте атап айтқандай, ұзақ жылға жалға беру Метрополитеннің сауда және жарнама алаңдарын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мүліктік жалға берілген алаң мынадай: сауда алаңы - 491 шаршы м., жарнама алаңы - 1914 шаршы м., банкоматтар, төлем терминалдары мен вендингілік аппараттар алаңы - 71 шаршы м.

Аукцион шарттары бойынша жалға алушы Метрополитеннен өзіне жалға берілген алаңның қауіпсіздігін; жарнама беруде арнайы шақырылған консультант жасаған Жарғының графикалық талаптарының және Метрополитеннің дизайнерлік стилінің қатаң сақталуын; жарнама қондырғылары мен басқа да заттардың үздік техникалық және эстетикалық деңгейінің жоғары әрі әлемнің ірі қалаларындағы метроплитендердегідей жарнамалық стандартқа сай болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны